Басып шығару

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құттықтаймыз!     

   «Жаратылыстану ғылымдары мен педагогикасы» жоғары мектебінің, «Биология және география кафедрасының студенттері «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығы (Астана каласы) ұйымдастырған «Жас ғалымдардың зерттеулері: теория және практика» атты студенттер, магистранттар және жас ғалымдардың II Республикалық ғылыми жұмыстары сайысында Тұрсынқұл Ж., Жумадиллаева У. I-ші ОРЫНҒА, Досанова Э., Ахмет А. II-ші ОРЫНҒА ие болғаны үшін дипломдармен марапатталды. Студенттердің ғылыми жетекшісі, профессор С.А.Калкабаевада студенттері «жоғары жетістікке қол жеткізіп, жүлдегер атанғаны үшін» дипломмен марапатталды.

   
   

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

   Хабарландыру!

 

  2023 жылдың 8 желтоқсанында сағат 11:00,  7-ші оқу ғимаратының оқу залында «Математика» кафедрасының кеңейтілген мәжілісінде ізденуші Шадияр Еркінұлы Алтынбековтың диссертациясының алдын-ала қорғауы өткізіледі.

 Диссертация тақырыбы: «Болашақ математика мұғалімдерінің зерттеушілік дағдыларын олимпиадалық  есептерді шығару негізінде қалыптастыру әдістемесі»

Ғылыми кеңесші: ф.-м.ғ.д., профессор Аширбаев Нұрғали Құдиярович

Шетелдік кеңесші: п.ғ.д., профессор Утеева Роза Азербаевна (РФ)

Рецензенттер:

  1. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-нің Математика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Жетпісбаева Г.О.
  2. М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Математика» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Бекмолдаева Р.Б.

     -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

 

Құттықтау!

Мүсірепова Элмира Беркінбайқызын

       «8D05410-Математика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілуімен құттықтаймыз!

         Тақырыбы: «Инволюциясы бар толқын және жылуөткізгіштік теңдеулер үшін аралас есептердің шешімділігі»

Ғылыми жетекшісі: ф.-м.ғ.д., профессор Сәрсенбі Ә.М.

 

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

        Қыркүйек айының 21-22-сі аралығында университетіміздің жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы жоғары мектептің биология және география кафедрасының меңгерушісі биология ғылымдарының кандидаты доцент Исаев Ержан Болысбекович пен  биология ғылымдарының кандидаты доцент Ибрагимов Талгат Садуакасович Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биология және биотехнология факультетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының шақыруымен биология ғылымдарының кандидаты, доцент Абибулла Аметович Аметовтың 80 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасы территориясының шөлдену мәселелері және оларды шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып қайтты. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда ғалымдар мен жас ғалымдар Қазақстан Республикасының аридтік және субаридтік облыстарының өсімдіктер жамылғысы мен флорасының жағдайы, заманауи биология мен биотехнологияның дамуындағы негізгі тенденциялары, тұрақты даму мақсатында климаттың өзгеруі жағдайында биоалуантүрлілікті сақтау аспектілері қарастырылды. Биология ғылымдарының кандидаты доцент Ибрагимов Талгат Садуакасович «Түркістан облысы аумағындағы шөлдену мәселелері мен табиғи жайылымдықтарды қалпына келтіру» тақырыбында пленарлық баяндама жасап, биология ғылымдарының кандидаты доцент Исаев Ержан Болысбекович университетіміздің басқарма төрайымы ректор Қожамжарова Дарья Пернешқызының құттықтау хатын тапсырды. Конференция жинағына биология мамандығының оқытушылар құрамы мен магистранттардың мақалалары жарық көрді. Конференция жоғары деңгейде өтті.

     

 

      Ағымдағы айдың 10.05-17.05.2023 ж аралығында Өзбекстан Республикасы Навоий Мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Б.Собиров мырзаның шақыруымен оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми әдістемелік және ғылыми жұмыстар бойынша тәжірибе алмасу мен әріптестік қатынастарды дамыту мақсатында университетіміздің жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы жоғары мектептің биология және география кафедрасының доценті биология ғылымдарының кандидаты Ибрагимов Талгат Садуакасович  Навоий Мемлекеттік педагогикалық институты табиғи пәндер факультетеінің биология мамандықтарына лекция және семинарлық сабақтар өтіп қайтты. Навоий Мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Б.Собиров мырза  жылы қабылдап келешекте бірге тығыз қарым қатынаста жұмыс жасауға шақырып ілтипатын көрсетті.

 

Хабарландыру!

 

2023 жылдың 25 мамырында сағат 15:00,  7-ші оқу ғимаратының оқу залында «Математика» кафедрасының кеңейтілген мәжілісінде PhD докторант Элмира Беркінбайқызы Мүсірепованың диссертациясының алдын-ала қорғауы өткізіледі.

 Диссертация тақырыбы: «Инволюциясы бар толқын және жылуөткізгіштік теңдеулері үшін аралас есептердің шешімділігі»

Ғылыми кеңесші: ф.-м.ғ.д., профессор Сәрсенбі Әбдіжаһан Манапұлы 

Шетелдік кеңесші: ф.-м.ғ.д., профессор Ашыралиев Аллаберен (Түркия)

Рецензенттер:

  1. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің «Математика» кафедрасының профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты  Иманбаев Н.С.
  2. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің «Математика» кафедрасының   доценті,  физика-математика ғылымдарының кандидаты  Усманов Қ.И.

          

 

  ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! М.Әуезов  атындағы  Оңтүстік Қазақстан Университетінің «Жаратылыстану ғылымдары мен педагогикасы» Жоғары мектебінің  «Биология   және  география»  кафедрасының  аға оқытушысы Рахимбердиева Жанар Шерахметовнаны 6D011300-Философия  ғылымдарының  PhD докторы дәрежесін алу үшін «Жоғары оқу орындарында студенттердің биологиялық өлкетанудағы іс-тәжірибесін  қалыптастыру әдістемесі» тақырыбында  Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті  жанындағы диссертатиялық  кеңесінде сәтті қорғады. (Алматы қ.)

 Сізге  шығырмашылық  табыс пен  ғылыми жетістіктер тілейміз.

М.Әуезов  атындағы  ОҚУ-нің ұжымы.

 

 

 

2022 жылдың 7-8 желтоқсан аралығында «Жаратылыстану ғылымдары мен педагогикасының өзекті мәселелері:  STEM білім беру перспективалары»  атты студенттік ғылыми практикалық конференция өтті.

 

       Конференцияның ашылу салтанатында «Жаратылыстану ғылымдары мен педагогикасы» Жоғары мектебінің деканы, п.ғ.к., доцент Мадияров Н.К.– конференцияның құттықтау сөз сөйледі.

     «Информатика» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Жайдақбаева Л.Қ. Эразмус+ бағдарламасы бойынша «STEM мұғалімдерін даярлаудағы интеграцияланған тәсіл» жобасы аясында атқарылған көптеген ғылыми іс-шаралар туралы баяндама жасады. Осы жоба аясында Информатика мамандығының студенттері мен магистранттарының шетелдік университеттер мен Л.Гумелев атындағы Евразиялық Ұлттық  университетте тағылымдамалардан өтіп, халықаралық деңгейдегі байқаулардан жүлделі орындарға ие болғандығын айтты.

Пленарлық мәжілісте студенттер арасынан 6 баяндама жасалды:

  1. Айдарали Мағжан, ЕП-20-20к тобының студенті

Тақырыбы: «LEGO EV3 бағдарламасы көмегімен «Сумо» сайысына арналған роботтарды  құрастыру әдістемесі». Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., доцент Г.Бейсенова

  1. Агаев Миркамил Муслимович, ЕП-19-14Р тобының студенті

Тақырыбы: Физиканы оқытудағы STEM: Герон Фонтаны. Үй жағдайындағы гидротаран. Ғылыми жетекшісі: ф.-м.ғ.к., доцент Саидахметов П.А.

  1. Сейткулова Р.С. ФИ 20-3к1 тобының студенті, Төребек А.Б. ФИ 20-3к5 тобының студенті. Тақырыбы: Жастар арасында интернетке тәуелділіктің алдын алу мәселелері. Ғылыми жетекшісі: м.ғ.д., профессор Қалқабаева С.А.
  2. Абдувалиев Жамшид Фархатович, ЕП-19-1к тобының студенті

Тақырыбы: Методика обучения решению текстовых задач алгебраическим способом. Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Полатбек А.

  1. Киргизбаева Сабира ЕП-19-16к2 тобының студенті

Тақырыбы: Педагогикалық университеттегі әдістемелік пәндерді оқытудың рефлексивті жүйесі химия студенттерінің әдістемелік құзыреттілігін қалыптастыру шарты ретінде. Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Сабденова Ұ.О.

  1. Нышан Әмина, ЕП-19-17к тобының студенті

Тақырыбы: Информатиканы оқытудағы STEM: геймификация технологиясын пайдалану. Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Ж.С.Кемельбекова

       Пленарлық мәжілістен соң «Информатика», «Физика», «Математика», «Химия», «Биология» секциялары өз жұмысын жалғастырды. Коференция қорытындысы бойынша аталған секцияларда төмендегі жұмыстар: ЕП-20-20к тобының студенті Айдарали Мағжан, тақырыбы: «LEGO EV3 бағдарламасы көмегімен «Сумо» сайысына арналған роботтарды  құрастыру әдістемесі». Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., доцент Г.Бейсенова, ЕП-19-16к2 тобының студенті Киргизбаева Сабира, тақырыбы: Педагогикалық университеттегі әдістемелік пәндерді оқытудың рефлексивті жүйесі химия студенттерінің әдістемелік құзыреттілігін қалыптастыру шарты ретінде. Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Сабденова Ұ.О. және ЕП20-15к тобының студенті Абдулла Бейбіт, тақырыбы: «Роботтардың ара қашықтықты анықтау мүмкіндіктері» Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., доцент Г.Бейсенова ерекше деп танылды.

 

Дәстүрлі студенттік 26-ші ғылыми практикалық

конференциясы өткізілді

 

       2022 жылдың 7-8 желтоқсан күндері аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің «Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы» Жоғары мектебінде «Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасының өзекті мәселелері: STEM білім беру перспективалары» атты 26-ші Студенттік ғылыми практикалық конференциясы өткізілді. Конференцияға ЖҒП Жоғары мектептің профессор-оқытушылар құрамы, 1-4 курс студенттері мен бағдарламадан тыс мектеп оқушылары белсене қатысты.

«Математика» секциясында студенттер ықтималдықтар теориясы, сандар теориясы, дифференциалдық теңдеулер, математикалық талдау салаларындағы өзекті тақырыптар қозғалды. Секцияның төрағасы - ф-м.ғ.д., профессор, Аширбаев Н.К., комиссиялар - аға оқытушылар Дуйсебаева П.С., Нышанбаева Ж. болды.

 Аталған секция бойынша үздік деп танылған баяндамалар:

І–орын: Данабеков Н.(ЕП-19-11к2).

ІІ–орын: Абдувалиев Ж.(ЕП-19-1к), Мақсұт Ж. (ЕП-21-11к1).

ІІІ–орын: Ералықызы Б. (ЕП-21-11к1), Оралбай А. (ЕП-20-11к1), Абдилакимова М. (ЕП-21-11к1), Миралиева К. (ЕП-21-11к1), Исмаилова М. (ЕП-21-11к1).

 Баяндамасымен ерекше көзге түскен студенттер алғыс хатпен марапатталды. Олар: Жақсыбек А. (ЕП-21-11к2), Туркебай Д. (ЕП-20-11к3), Амантай Қ. (ЕП-20-1к2), Жамалхан Д. (ЕП-21-11к1), Жанибекова З. (ЕП-21-11к1).

 Сондай-ақ, конференцияға, бағдарламадан тыс, Саттар Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицей оқушылары қатысып, мазмұнды баяндамалар қорғады.

 Қорытындылай келе, студенттердің жыл сайынғы дәстүрлі 26-ші конференциясы көздеген мақсатына толықтай жетті. Ғылым мен білімнің жаңа жетістіктеріне қызығушылық танытатын білім алушыларға шығармашылық жолында үлкен жетістіктер тілейміз!

 

 

STEM & Makers фестивалі

Мен, Жақсылық Несібелі МЕП-21-12нк тобы магистранты 2022 жылдың 26-27 қарашасында Невшехир Хаджи Бекташ Вели университетінің конференц-орталығында өткен STEM & Makers және MOST Fair фестивалі / көрмесінде болып, өз жобаммен қатыстым.

    

 

     SLAM Slam-бұл STEM сарапшылары ғылымға қатысты тақырыпты 10 минут ішінде кең аудиторияға түсіндіретін ғылыми баяндама. Спикерлерге сахнаға физикалық түрде шыдай алатын нәрселерді ғана пайдалануға рұқсат етіледі және әр қатысушы өз жобасы жайында постерлерді қолданса болады. Постерде жоба авторы, жоба тақырыбы, жобаның мақсаты жіне жұмыс жасау принципі көрсетілді. Қатысушыларға арнайы пит (орын) бөлінді. Әр питте өз жобаңызды жайғастырып, постеріңізді іліп, келген қонақтарға және қызығушылық танытқан оқушылар мен ат-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргіздік.

      Менің жоба тақырыбым - Smart traffic lights aimed at reducing traffic congestion in the public environment (Қоғамдық орындардағы кептелістерді азайтуға бағытталған интеллектуалды бағдаршам). Бұл ғылыми-жоба тақырыбымның мақсаты – көлік жол кептелісін азайтуға бағыттап, жаяу жүргіншілерге қолайлы жолдан өту тетігін қарастыру болып табылады.

 

   Қажетті детальдер

    Жалпы бұл іс-сапардан түйген дүнием көп болды. Ұйымдастырылған көрмеге аймақ тұрғындары көрермен ретінде шақырылып, отбасымен инновациялық жобаларды көру мүмкіндігін берген. Ата-аналар өз балаларына жаңа технологиялардың маңыздылығын түсіндіріп, пікір алмасты. Көз қуантарлық жағдай, кішкентай сәбиден үлкен қарт кісілерге дейін қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, стем жобаларға бей-жай қарамайтындары таң қалдыртады.

    Фестиваль барысында көптеген тікелей мастер-класстер жасалынып, баланың танымдық қабілеттерін арттыратын технологиялар мен әдіс-тәсілдер қолданылды. Балалардың қызығушылықтарын, ұзын-сонар кезектен-ақ байқауға болады. Қарапайым сабынды қалай жасалынатынын, ағаштарды қалай өңдейтінін, электро-энергины қалай алуға болатынын, ауа-райы құбылыстары неден және қалай пайда болатыны жайлы өте қызықты түсіндірме жұмыстары болды. Бұл жұмыстар тек балалардың ғана емес отбасы мүшелерінің де танымдық қасиеттерін арттырып, бір-бірімен коммуникациялық байланысын арттыратыны сөзсіз!

     Фестиваль соңында ұйымдастырушылар өз алғыстарын айтып, халықаралық сертификаттармен марапаттады. Бұл жобалар өз жалғасын басқа мемлекеттерде табатынына сенетіндерін жеткізді.

 

 

2022-2023 оқу жылы

Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы ЖМ,

«Химия» кафедрасы

 

      «Химия» кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты Мырзабек Нысанбекұлы Ермаханов  «Ұстаздар күні» мерекесіне орай Еліміздің білімі мен ғылымының дамуында үздік жетістіктерге көз жеткізіп, өскелең ұрпақты отанымыздың рухта тәрбиелеуге қосқан үлесі мен белсенді жоғары біліктілігі үшін  «АЛҒЫС ХАТ» - пен марапатталды.

Әріптесімізді құттықтаймыз!

 

 

    2022 жылдың 3 қарашасында М.Әуезов атындағы ОҚУ "Информатика" кафедрасы, Яссауи атындағы ХҚТУ "Компьютерлік инженерия" кафедрасы және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті "Информатика және АКТ" кафедрасының бірігуімен "Smart Sity 2023" теле көпірі өтті. Теле көпір мақсаты қазіргі замандағы ақылды қалаға ақпараттық технология мамандарының қосатын үлесі.
      Университетіміздің "Информатика" кафедрасы ұжымы теле көпірге белсене қатысты. Аталған іс-шарада көптеген баяндамалар талқыланды, Информатика кафедрасының МЕП-21-3нк тобының магистранты Агибаева Қарлығаш «Arduino арқылы жасалған "Smart жылыжайы" бағдарламасының ауылшаруашылық жұмыстарын жетілдірудегі ықпалы» және МЕП-21-3нк тобының магистранты Қозыкеева Гүлнұр, "Информатика пәнін оқытуда АКТ(ақпараттық-коммуникативтік технологияларды) пайдаланудың тиімділігі" тақырыптарымен қатысты.

 

   

 

            13.10.2022ж  сағ.10 40 та  4 аудиторияда «Математика» кафедрасының аға оқытушысы А.А.Маденованың «Математика тарихы мен әдіснамасы»  пәнінен ЕП-19-1к  тобына ашық дәріс сабағын өтті. Тақырыбы: «XVII  ғасырдағы математиканың дамуы. Математикадағы айнымалы шамалардың қалыптасу процесі. Аналитикалық және жоғары геометрияның пайда болуы».  Мәтінмен жұмыс әдісін  пайдаланып, дәріс жоғары оқу орындарының талаптарына сәйкес өтті.

       

       2022 жылғы 9 қыркүйек, сағат 12:00 де М.Әуезов атындағы ОҚУ 7- ші ғимаратының оқу залында «Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы» ЖМ-інде Жоғары мектеп деканы п.ғ.к., доцент Н.К. Мадияровтың  модераторлығымен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 1-қыркуйек күнгі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын насихаттау, түсіндіру мақсатында  оқытушы профессорлар құрамымен  дөңгелек үстел өтті.  Дөңгелек үстел барысында «Биология» кафедрасының доценті, б.ғ.к.  Ибрагимов Талғат Сәдуақасұлы, «Химия» кафедрасының доценті, х.ғ.д- Утелбаеева Ақмарал Болысбекқызы, «Кәсіптік оқыту» кафдрасының меңгерушісі, п.ғ.д. профессор Жолдасбекова Сауле Абдразаққызы, «Математика» кафедрасының аға оқытушысы Полатбек Айгул, Информатика кафедрасының доценті, п.ғ.к. Бейсенова Гулбахрам Исмаиловна жолдау аясында баяндама оқыды. Дөңгелек үстелге университеттің «РЖ және ҚХА» орталығының басшысы Г.Жанысбеекова қатысты.

  

 

     2022 жылдың 12-13 қырқүйек күндері “Биология және география” кафедрасының 6В05220 - «География» БББ, ЕП-19-18к тобының студенттері Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің “География және табиғатты пайдалану” факультетінде оқу маршруттық зонааралық практикасын бастады. Жетекші: п.ғ.к., доцент Кенжебай Р.Н.

     Бұл күні студенттер практика бағдарламасы бойынша факультетте жұмыс жасады, дәрістер тыңдады, университет мұражайымен танысты. Сонымен қатар, ботаникалық бақта және Әл-Фараби атындағы кітапханада практиканы жалғастырды.

 

 

КЕАҚ М.Әуезоватындағы Оңтүстік


powered by social2s