Басып шығару

Қысқы мектеп сәтті өтті!

    22.01.2024-02.02.2024жж. аралығында «Жаратылыстану ғылымдары және педагогика» Жоғары мектебінде Auezov   university-2024 «Жаратылыстану пәндерін оқытудың заманауи тенденциялары» тақырыбында  Халықаралық Қысқы мектебі өтті. Қысқы мектептің мақсаты: Білім беру саласындағы жаңа білімді ілгерілетуде әртүрлі ғылыми мектептер мен білім беру мекемелерінің күш-жігерін біріктіру.

      Қысқы мектеп жұмысына Польша, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Малайзия, Гонконг және Қазақстан Республикасының көптеген ЖОО-ң профессор-оқытушы құрамы қатысты.

     Сонымен қатар, іс-шараның ашылу барысында «Жаратылыстану ғылымдары және педагогика» Жоғары Мектебінің деканы, п.ғ.к., доцент Мадияров Нұрлыбай Көкешұлы, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Информатика» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Жайдақбаева Л.Қ., М.Әуезов атындағы ОҚУ білім беру бағдарламалары мен лицензиялау менеджменті орталығының бастығы, х.ғ.к., доцент Г.М.Адырбекова, Түркия мемлекетінен Сакарья университетінің профессоры Әли Чорух қатысып өздерінің жүрек жарды тілектерін білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

     Қысқы мектепте: отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары, профессорлары, жетекші практикалық оқытушылар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде баяндама жасады. Бұл қысқы мектеп – мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, студенттерге кәсіби дамуына серпіліс жасауға және бакалавр дипломына кредит санын арттыруда тамаша мүмкіндік болды.

Мектеп Zoom платформасында онлайн https://us06web.zoom.us/j/5929127351?pwd=urPqfeVZHhIb40GH5BqHvZ2eYF08XG.1&omn=81963113569  режимінде өтті.

Ұйымдастырушы: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Жаратылыстану ғылымдары және педагогика» Жоғары мектебі.


powered by social2s