Басып шығару

Қош келдің, Әз-Наурыз!!!

Қош келдің, Әз-Наурыз!!!

       Наурыз «жаңа күн», бұл күнді біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз мейрамы – бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн.

       Ағымдағы жылдың 15 наурыз күні «Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы» жоғары мектебінде «Информатика» кафедрасының ұжымы және студенттердің ұйымдастыруымен «Қош келдің, Әз-Наурыз!!!» атты мерекелік концерті өткізілді. Мерекелік іс-шараға жоғары мектеп деканы Мадияров Н.К. және профессор-оқытушылар құрамы, студенттер шақырылды. Ұлттық киім мерекенің шырайын ашты. Әсем ән мен тәтті күй шырқалып, ұлттық биіміз мен Қыдыр атаның ақ тілегі айтылып, тұсаукесер дәстүрі сахнада көрсетілді. Мерекелік іс-шараға, кафедрамыздың 1-2 курс студенттері белсене қатысты. Іс-шараға белсене қатысқан «Информатика» кафедрасының топ тәлімгерлеріне және студенттеріне мың алғыс!

Image
Image
Image
Image
Image
Image

powered by social2s