Басып шығару

Америкадан келген қонақтар!

      2024 жылдың 30 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында М.Әуезов атындағы ОҚУ-де Миннесота университетінің (АҚШ) білім және адам дамуы факультетінің спикерлері жүргізген семинарлар өтті.

    Баяндамашылар доценттер Кристофер Джонстоун, Марина Алейхо және Баскар Упадхьяй болды.

    Олар «Әмбебап оқыту дизайны», «Халықаралық журналдарда жариялау – кеңестер: істеу, не істемеу және табандылық», «Перде арты: халықаралық журналдағы зерттеу мақаласының жолы – қайта қарастыру, қабылдау немесе қабылдамау» тақырыптарында сабақтар өткізді.

     Бұл семинарларға біздің информатика кафедрасының студенттері, магистранттары және оқытушылары үлкен қызығушылықпен қатысты.


powered by social2s