Басып шығару

Ашық есік

Ашық есік

        М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы жоғары мектебінің білім беру бағдарламалары мен оқу-зертханалық кешендерін таныстыру мақсатында Шымкент қаласы және  Төлеби ауданының мектеп бітіруші түлектеріне "Ашық есік" күнін өткізді. Шымкент қаласы және  Төлеби ауданының мектептерден келген оқушыларға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен «Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы» жоғары мектебінің базасы, профессор-оқытушылар құрамы және білім беру бағдарламалары таныстырылды. Бұл туралы сөз алған «Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы» жоғары мектебінің деканы, п.ғ.к., доцент Мадияров Н.К. Оқушыларға университетіміздің студенті атану үшін қандай құжаттар тапсыру керектігі мен шығармашылық емтихандар жайлы кәсіптік бағдар беру орталығының директор орынбасары Утеулиев Н.С. сөз сөйледі. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шет елдерде білім алған «Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы» жоғары мектебінің студенттері Рашидова Г. мен Иноятулла А. сөз сөйлеп, академиялық ұтқырлық жайлы тәжірибелерімен бөлісті. Түлектердің сұрақтарына толық жауап берілді.

powered by social2s