Біліктілікті арттыру

     2024 жылдың 11-16 наурыз күндері Астана қаласында  Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырысы бойынша, Финляндияның НАМК және JAMK университеттері мен Назарбаев Университетінің  Жоғары білім беру мектебімен бірлесіп іске асыратын «Педагогикалық білім беру моделін іске асыру және оның мазмұнын күшейту» жобасы аясында «Білім берудегі көшбасшылық» және «CLIL әдістемесін оқыту» атты екі бағдарлама бойынша ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыру жобасы жүзеге асырылуда. 

   Аталған курсқа  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Физика» кафедрасының меңгерушісі Турсынбаев Абай Закирович, «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасының меңгерушісі Отарбаева Гулжан Кобеевна, «Гуманитарлық мамандықтар үшін шетел тілі» кафедрасының меңгерушісі Суюбердиева Айман Абдразаковна, «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі Усенова Аккенже Мукановна, «Спорт және туризм» факультеті декан орынбасары Ахелова Акмарал Лесбековна біліктілігін арттыруда.

       Бағдарлама ЖОО 200 өкілінің және білім берудегі көшбасшылықтың негізгі салаларындағы ауылдық мектептердің 50 директорының  көшбасшылық құзіреттілігін дамытуға бағытталған. Курс мақсаты: педагогикалық білімді жаңғырту - инновациялық идеялар мен тәсілдерді қалыптастыру, жаңа технологияларды қолдану.


Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.