ҚҰТТЫҚТАУ!!!

     Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «8D015-Жаратылыстану-ғылыми пәндері бойынша педагогтарды даярлау (6D010900/8D01501-Математика)» ба5ыты бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру үшін құрылған Диссертациялық кеңесте «8D01501-Математика» білім беру бағдарламасы бойынша докторант Шадияр Еркінұлы Алтынбеков 2024 жылғы 6 наурызда «Болашақ математика мұғалімдерінің зерттеушілік дағдыларын олимпиадалық есептерді шығару негізінде қалыптастыру әдістемесі» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын сәтті қорғауымен құттықтаймыз.


     2024 жылдың 11-16 наурыз күндері Астана қаласында  Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырысы бойынша, Финляндияның НАМК және JAMK университеттері мен Назарбаев Университетінің  Жоғары білім беру мектебімен бірлесіп іске асыратын «Педагогикалық білім беру моделін іске асыру және оның мазмұнын күшейту» жобасы аясында «Білім берудегі көшбасшылық» және «CLIL әдістемесін оқыту» атты екі бағдарлама бойынша ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыру жобасы жүзеге асырылуда. 

   Аталған курсқа  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Физика» кафедрасының меңгерушісі Турсынбаев Абай Закирович, «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасының меңгерушісі Отарбаева Гулжан Кобеевна, «Гуманитарлық мамандықтар үшін шетел тілі» кафедрасының меңгерушісі Суюбердиева Айман Абдразаковна, «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі Усенова Аккенже Мукановна, «Спорт және туризм» факультеті декан орынбасары Ахелова Акмарал Лесбековна біліктілігін арттыруда.

       Бағдарлама ЖОО 200 өкілінің және білім берудегі көшбасшылықтың негізгі салаларындағы ауылдық мектептердің 50 директорының  көшбасшылық құзіреттілігін дамытуға бағытталған. Курс мақсаты: педагогикалық білімді жаңғырту - инновациялық идеялар мен тәсілдерді қалыптастыру, жаңа технологияларды қолдану.


Әріптестерімізге ақ жол!

       Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссия отырысының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы шешімінің  қорытындысы бойынша ғылыми тағылымдамаға үміркерлеріміз Информатика кафедрасының мамандары - п.ғ.к., доцент Жайдақбаева Л.Қ. мен т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Кемельбекова Ж.С. «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері атанды. Мамандарымыз Ұлыбритания еліндегі Орталық Ланкашир университетінде 2024 жылдың 1 наурызынан 30 мамырға дейінгі аралықта  ғылыми тағылымдамадан өтеді. Кафедраның ардагер-ұстаздарымыз профессор Е.А.Нысанов және барлық профессор-оқытушылар құрамы  «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне игі-тілектерін айтып,  ыстық лебіздерін білдіріп, қазақ елінің салт-дәстүрін дәріптейтін кәде-сыйларын беріп шығарып салды.

 

Жайдақбаева Ляззат Қуандықовна
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент


Кемельбекова Жанар Сатыбалдиевна
техника ғылымдарының кандидаты,
қауымдастырылған профессор
 

 

 


1 бет. Барлығы: 3

Күнтізбе

Сәуір 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.