Химия

Кафедра меңгерушісі

Ермаханов Мырзабек Нысанбекұлы

техника ғылымдарының кандидаты, доцент

Мекен-жайы: Шымкент қ., 160012, Байтұрсынов к-сі, н/з, М. Әуезов атындағы ОҚМУ 225 каб.
Телефон: 21-34-22
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

►Профессор-оқытушылар құрамы

Жалпы мәліметтер

    ССРО-дағы ХКК –нің 19.06.1943 ж.берілген №619 жарлығы бойынша Шымкент қаласында құрылған Құрылыс материалының технологиялық институтының бірінші күннен бастап студенттерге химия пәнінен жалпы білім берумен шұғылданған жалпы және бейорганикалық химия кафедрасы. Бұл кафедра бейорганикалық, органикалық, аналитикалық және физикалық химиялар мамандықтарынан құрастырылған. Уақыт өткен сайын,  студенттер саны көбеюмен және мамандықтар ашылумен байланысты, осы кафедра негізінде жаңа химия кафедралары ұйымдастырылды: «Жалпы және бейорганикалық химия», «Аналитикалық химия», «Органикалық химия», «Физикалық және коллоидтық химия».

«Жалпы және бейорганикалық химия» кафедрасын басқарған ғалымдар:

1958-1968жж. - х.ғ.к., доцент А.К.Касымов

1969-1974жж. - х.ғ.к., доцент В.Ф.Мясникова

1975-1980жж.- б.ғ.к., доцент Р.И.Ерғазиев

1980-1989жж. - х.ғ.к., доцент У.С.Стамкулов

1989-1994жж. - х.ғ.к., доцент А.А.Старченко

1994-1999жж. - х.ғ.д., профессор С.П.Назарбекова

     1997 жылы бұл кафедралар бірігіп «Химия» кафедрасын құрады. Ол 2006 жылдың тамыз айында (Бұйрық №274, 17.08.06) университеттегі реорганизация нәтижесінде Жаратылыстану-педагогикалық факультет құрамында «Химияны оқыту әдістемесі мен теориясы» кафедрасы болып ашылды.

        Әр жылдары кафедра меңгерушісі қызметін белгілі ғалымдар мен өнегелі ұстаздар атқарды:

   2004-2008жж. Аралығында кафедра меңгеруші қызметін т.ғ.д., профессор  К.К.Сырманова, 2008-2010жж. аралығында т.ғ.к.,доцент м.а. Қ.М.Бекжанова атқарды.

2011 жылдан бастап кафедраны т.ғ.к., доцент Ермаханов М.Н.  басқаруда.

      Қазіргі кезде «Химия» кафедрасында 1 ғылым докторы, профессор, 8 ғылым кандидаты, доценттер, 3 аға оқытушы, 5 магистр-оқытушылар дәріс беруде.

       2018 жылы 6В01541- «Химия және Биология» мамандығы ашылды.

      Кафедра 2  білім беру бағдарламасы  бойынша 3 саты деңгейінде мамандар дайындайды:

      - 6В01540 - «Химия» мамандығы бойынша білім бакалавры,

      -  6В01541 - «Химия және Биология» мамандығы бойынша білім бакалавры,

      - 7М01541-«Химия» мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар магистрі,

     

      Білім алушылар күндізгі, кешкі және қашықтықтан білім беру  бөлімдерде оқиды, олардың көбі білім грант иегерлері. Магистранттар ғылыми тағылымдаманы  Қазақстанда, Ресейде, Өзбекстан және Қырғызстан елдеріндегі жоғары оқу орындарында өтеді.

      Кафедраның бірінші түлектері 2009 жылы 5В011200-«Химия» мамандығы бойынша бітіріп шықты. Осы 70 жылдан астам тарихы бар кафедра базасында білім беру жүйесі мен қоғам талабына сай бірнеше мыңдаған маман кадрлар дайындалды.

      Кафедра ұжымының оқытушы-профессорлар құрамы оқу құралдарын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді баспадан шығару жоспарына сай дайындап, баспадан шығарып, университет кітапханасының қорын жыл сайын толықтырып келеді. Кафедра дайындайтын  мамандықтар бойынша оқу-тәрбие үдерісінің әдістемелік қамтамасыздандыру деңгейі мамандар даярлау сапасын жоғарылатудың қазіргі таңдағы талаптарына сай. Кафедра интернет жүйесіне қосылған компьютерлік сыныптармен, интерактивті тақталармен жабдықталған.

      Кафедрада  «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері  т.ғ.к., доцент Ермаханов М.Н. (2015ж.), х.ғ.к., доцент  Адырбекова Г.М. (2016ж)  қызмет етеді.

     Бітірушілер халыққа білім беру саласындағы орта,  кәсіптік, жоғары оқу орындарында, ғылыми зерттеу орталықтарында, мемлекеттік басқару органдарында қызмет атқара алады. Біздің түлектер педагогикалық қызметпен ғана шектеліп отырған жоқ, ғылымда, өндірісте үлкен табысты шығармашылық қызметтер атқаруда.

       Міндеті

       Біздің басты мақсатымыз – оқушылар тұлғасының даму, қалыптасу мәселелерін шығармашылық жағынан шешуге, ғылыми-зерттеу қызметімен интеграцияланған оқу жүйесіне инновациялық білім беру принциптерін енгізуге қабілетті жаңа формациялы кәсіби-құзырлы педагогтар дайындау (химия бакалавры, химия-биология бакалавры, химия магистрі). Бiз болашақ мамандарға әлемдік бiлiм беретiн кеңiстiкке қазақстандық білім беру жүйесiн кiрiктіру негізінде адамгершілік және жалпы мәдени қасиеттерді қалыптастырамыз.


Күнтізбе

Қыркүйек 2023
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2023 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.