«Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы» Жоғары мектебі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің жаратылыстану - математика бағытындағы педагогтар мен ғылыми кадрларды даярлайтын құрылымдық бөлімі болып табылады. А.Байтұрсынов көшесінің бойындағы №7 оқу ғимаратында орналасқан біздің Жоғары мектепте 1636 студент, 196 магистрант және 20 докторант білім алуда. Студенттер контингенті Қазақстан Республикасы аумағынан бөлек алыс және жақын шетелдерді қамтиды. Олардың сапалы білім алып бәсекеге қабілетті мамандар болып шығуы үшін Жоғары мектепте ғылыми-педагогикалық қызметпен 110 профессор-оқытушылар мен 24 оқу-көмекші персоналдар айналысады, олардың ішінде: 11 ғылым докторлары, профессорлар, 42 ғылым кандидаттары, доценттер, 4 PhD-докторлар, 54 магистр, аға оқытушылар мен оқытушылар. Жоғары мектепте педагогика саласында мамандар дайындауда және өздерінің ғылыми-зерттеу бағыттары бойынша елімізге танымал Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, п.ғ.д., профессор Д.Рахымбек, п.ғ.д., профессор С.А.Жолдасбекова, ф.-м.ғ.д., профессор Ә.Сәрсенби, ф.-м.ғ.д., профессор Ә.Ш.Шалданбаев, ф.-м.ғ.д., доцент Е.А.Нысанов, ф.-м.ғ.д., профессор Н.Қ.Аширбаев, п.ғ.д., профессор А.Саипов, х.ғ.д., профессор А.П.Ауешов, ф.-м.ғ.д., доцент Тұрманбеков Т.А., х.ғ.д., доцент А.Б.Өтелбаева, м.ғ.д., профессор С.Қалқабаева және т.б. еңбек етуде.
Жоғары мектептің 21 профессор-оқытушылары Д.Рахымбек, С.А.Жолдасбекова, Н.Қ.Аширбаев, А.Саипов, А.П.Ауешов, Ә.Сәрсенбі, Т.Тұрмамбеков, К.А.Қабылбеков, А.А.Юнусов, Р.Б.Бекмолдаева, М.Н.Ермаханов, Ю.Н.Камалов, И.Оразов, Г.М.Адырбекова, Н.К.Мадияров, Г.Ш.Омашова, А.С.Тукибаева, Н.С.Сайдуллаева, Л.Д.Айкөзова, П.С.Дүйсебаева, К.Т.Құрбанбеков ҚР Білім және ғылым министрлігі тағайындайтын «Жоғары оқу орнының үздік оқытушылары» конкурсының жеңімпаздары.
Қазіргі таңда Жоғары мектеп құрамында 6 кафедра жұмыс жасайды және 19 мамандық бойынша бакалавр, 10 мамандық бойынша магистратура, 4 мамандық бойынша PhD докторантура мамандарын даярлайды. Келешекте орта мектептер мен зияткерлік мектептерде көптілде білім беретін заманауи педагогтарды даярлау мақсатында Жоғары мектептің 5В010900-Математика, 5В011000-Физика, 5В011100-Информатика, 5В011200-Химия, 5В011300-Биология мамандықтарында ағылшын арнайы топтары ашылған.
№
|
Кафедралар
|
Бакалавриат
|
Магистратура
|
PhD докторантура
|
1
|
Математика
|
5В010900-Математика
6В01510-Математика
|
6M010900-Математика
|
6D010900-Математика
|
5В060100-Математика
6В05410-Математика
|
6M060100-Математика
|
6D060100-Математика
|
2
|
Физика
|
5В011000-Физика
6В01520-Физика
|
6M011000-Физика
|
|
5В060400-Физика
6В05310-Физика
|
6M060400-Физика
|
|
5В012600-Математика-Физика
6В01521-Математика-Физика
|
|
|
5В012800-Физика-Информатика
6В01522-Физика-Информатика
|
|
|
3
|
Информатика
|
5В011100-Информатика
6В01530-Информатика
|
6M011100-Информатика
|
6D011100-Информатика
|
5В060200-Информатика
6В06110-Информатика
|
6M060200-Информатика
|
|
5В012700-Математика-Информатика
6В01531-Математика-Информатика
|
|
|
6В06111-Компьютерлік ғылымдар және программалық инженерия
|
|
|
6В01532-Информатика және робототехника
|
|
|
4
|
Химия
|
5В011200-Химия
6В01540-Химия
|
6M011200-Химия
|
|
5В012500-Химия-Биология
6В01541-Химия-Биология
|
|
|
5
|
Биология және география
|
5В011300-Биология
6В01550-Биология
|
|
|
5В060700-Биология
6В05110-Биология
|
6M060700-Биология
|
|
5В011600- География
6В01560-География
|
|
|
5В060900- География
6В05220- География
|
|
|
6
|
Кәсіптік оқыту
|
5В012000-Кәсіптік оқыту
6В01450- Кәсіптік оқыту
|
6M012000-Кәсіптік оқыту
|
6D012000-Кәсіптік оқыту
|
6В01450-Көркем еңбек және сызу
|
|
|
Болон процесінің міндетті параметрінің бірі ретінде студенттерге академиялық ұтқырлық тұрғысынан республика оқу орындары мен алыс-жақын шетел оқу орындарында білім алмасу қарастырылған.
Ғылыми-зерттеу үйірмелері, көңілді тапқырлар клубтары, студенттік көркемөнерпаздар және спорттық үйірмелері студенттердің сабақтан бос уақыттарын тиімді өткізуге септігін тигізеді.
Студенттерге әлеуметтік жағдай барынша жасалған. Соңғы үлгідегі кітапхана, электронды оқу залы, ресурсты орталық, тегін интернет, акт залы, спорт залы, дәрігерлік кабинет, асхана, соңғы үлгіде салынған 5 қабатты заманауи жатақхана, міне осылардың барлығы студенттерге алаңсыз білім алуға жағдай жасайды.
Жоғары мектеп студенттеріне білім беру үшін университетке жыл сайын алыс-жақын шетелдер жоғары оқу орындарынан білікті мамандар шақырылып тұрады.
Студенттеріміз көптеген халықаралық, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары.
М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің "Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы" жоғары мектебі халықаралық стандартқа сай білім бере отырып, жастардың жан-жақты кәсіби тұлға болып қалыптасуына жағдай жасайды. Талапты жастарға сапалы білім беріп, бәсекеге қабілетті маман етіп даярлау біздің басты міндетіміз!
«Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы» Жоғары мектебінің деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Мадияров Нұрлыбай Көкешұлы.