Талапкерге

"Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы" Жоғары мектебінің әлеуметтік

сайттар арқылы кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша ақпараты 
  Талапкер 2023 буклет   

1.  Жоғары мектеп туралы жалпы ақпарат

"Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы" Жоғары мектебі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Жаратылыстану-математика бағытындағы педагогтар мен ғылыми кадрларды даярлайтын құрылымдық бөлімі.

1996 жылы Шымкент педагогикалық дене тәрбиесі институты, Шымкент педагогикалық мәдениет институты және М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының бірнеше педагогикалық мамандықтарының бірігуінің нәтижесінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті ашылды. Осы жылы жаратылыстану пәндері бойынша педагог кадрлар даярлайтын мамандықтар топтастырылып Жаратылыстану-педагогикалық факультеті құрылды. 
        1998 жылдың наурызында Оңтүстік Қазақстанның екі жоғарғы оқу орнын – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті мен Оңтүстік Қазақстан техникалық университетін қайта құру және біріктіру жолымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті құрылғаннан кейінде факультет «Жаратылыстану-педагогикалық» деп аталып, ғылыми-жаратылыстану бағытындағы мамандықтарымен толықтырылды.

Факультетті 1996-2000 жылдар аралығында п.ғ.к., доцент Пошаев Д.Қ. басқарды. Кейінгі жылдары п.ғ.к., доцент Камалов Ю.Н., т.ғ.к. Жармағанбетов Ф.К., п.ғ.д., доцент Әжібеков Қ.Ж., х.ғ.д., профессор Назарбекова С.П., б.ғ.к., доцент Ережепов Ә.Е., ф.-м.ғ.к., доцент Оразов И.О., х.ғ.д., профессор Надиров К.С. факультет деканы болып қызмет атқарды. 2011 жылдан бастап қазіргі таңда факультетті п.ғ.к., доцент Мадияров Нұрлыбай Көкешұлы басқаруда.

Осы жылдарда факультет 7000-ға жуық педагог кадрлар даярлап шығарды. Олардың ішінен қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен елге белгілі азаматтар шыққанын мақтанышпен айтуға болады.

Жоғары мектепте әр жылдары Қазақстанға белгілі ғалымдар Медеуов Е.Ө. – М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры, Ташимов Л.Т. – Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ президенті, Өтелбаев Б.Т. – х.ғ.д., профессор, Р.Ойнаров – ф.-м.ғ.д., профессор, Жұмабеков Л. – профессор, Өмірбаев У.У. – алгебра және логика саласындағы ірі ғалым, ф.-м.ғ.д., профессор, Садыбеков М.А. – ф.-м.ғ.д., профессор, С.А.Атанбаев – ф.-м.ғ.д., профессор, А.Тасқараев  ф.-м.ғ.д., профессор және т.с.с. еңбек етті.

2. Профессор-оқытушылар құрамы

110 профессор-оқытушылар айналысады, олардың ішінде: 11 ғылым докторлары, профессорлар, 42 ғылым кандидаттары, доценттер, 4 PhD-докторлар, 54 магистр, аға оқытушылар мен оқытушылар. Жоғары мектепте педагогика саласында мамандар дайындауда және өздерінің ғылыми-зерттеу бағыттары бойынша елімізге танымал Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, п.ғ.д., профессор Д.Рахымбек, п.ғ.д., профессор С.А.Жолдасбекова, ф.-м.ғ.д., профессор Ә.Сәрсенби, ф.-м.ғ.д., профессор Ә.Ш.Шалданбаев, ф.-м.ғ.д., доцент Е.А.Нысанов, ф.-м.ғ.д., профессор Н.Қ.Аширбаев, п.ғ.д., профессор А.Саипов, х.ғ.д., профессор А.П.Ауешов, ф.-м.ғ.д., доцент Тұрманбеков Т.А., х.ғ.д., доцент А.Б.Өтелбаева, м.ғ.д., профессор С.Қалқабаева және т.б. еңбек етуде.

Жоғары мектептің 21 профессор-оқытушылары Д.Рахымбек, С.А.Жолдасбекова, Н.Қ.Аширбаев, А.Саипов, А.П.Ауешов,  Ә.Сәрсенбі, Т.Тұрмамбеков, К.А.Қабылбеков, А.А.Юнусов, Р.Б.Бекмолдаева, М.Н.Ермаханов, Ю.Н.Камалов, И.Оразов, Г.М.Адырбекова, Н.К.Мадияров, Г.Ш.Омашова, А.С.Тукибаева, Н.С.Сайдуллаева, Л.Д.Айкөзова, П.С.Дүйсебаева,  К.Т.Құрбанбеков ҚР Білім және ғылым министрлігі тағайындайтын «Жоғары оқу орнының үздік оқытушылары» конкурсының жеңімпаздары.

        Қазіргі таңда жоғары мектепте «Математика», «Физика», «Информатика», «Химия», «Биология», «Кәсiптік оқыту» кафедраларында 15 мамандық бойынша бакалавр, 10 мамандық бойынша магистратура, 3 мамандық бойынша PhD докторантура мамандары даярланады.
        Жоғары мектеп базасында университет ғалымдары, мектеп мұғалімдері мен әдіскерлердің бірлескен «ОҚО математика мұғалімдері мен оқытушыларының қауымдастығы»  жұмыс жүргізеді.
        Қауымдастықтың мақсаты: математиканы мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында, кәсіптік лицейлерде оқытудың теориялық және практикалық мәселелеріне, оқытудың сапасын жоғарылату мәселесіне қоғамдық пікір беру, қоғамдық сараптама жасау. 
        2011 жылдан бастап «Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының базасында мектеп математикасын оқытудың өзекті мәселелеріне арналған «Математика дидактикасы» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы (ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің куәлігі №12165, 27.12.2011ж.) шығарылып келеді.
        Жаратылыстану-педагогикалық факультеті 2009-2010, 2013-2014 және 2016-2017 оқу жылдары «М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың үздік факультеті» номинациясының иегері атанды.
        2014 жылдың қорытындысы бойынша «Химияны оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының доценті Өтелбаева А.Б. Қазақстан Республикасының жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендиясының иегері атанды.
  

3. Жоғары мектеп мамандықтары (тізім, екі бейіндік пәндері, ұлттық рейтингідегі орны).

 

 

Бакалавриат бойынша білім беру бағдарламалары және ҰБТ бейіндік пәндерінің тізімі

БББ

тобының нөмірі

Білім беру бағдарламасы тобының атауы

Білім беру бағдарла масы нөмірі

Білім беру бағдарламасы атауы

Толық оқу нысаны

Қысқартылған оқу нысаны

1 бейіндік пән

2 бейіндік пән

1 бейіндік пән

2 бейіндік пән

               

 

В009

Математика

мұғалімдерін даярлау

6B01510

Математика

Математика

Физика

 

 

Педагогика және психология негіздері

 

 

 

Математика

6B01521

Математика-Физика

Математика

Физика

6B01531

Математика- Информатика

Математика

Физика

В010

Физика мұғалімдерін даярлау

6B01520

Физика

Физика

Математика

Педагогика және психология

 

Физика

6B01522

Физика-Информатика

Физика

Математика

В011

Информатика

мұғалімдерін даярлау

6B01530

Информатика

Математика

Информатика

Педагогика және психология негіздері

Информатика

6В01532

Информатика және робототехника

Математика

Информатика

В012

Химия мұғалімдерін даярлау

6B01540

Химия

Химия

Биология

Педагогика және психология негіздері

Химия

6В01541

Химия- Биология

Химия

Биология

В013

Биология

мұғалімдерін даярлау

6B01550

Биология

Биология

Химия

Педагогика және психология негіздері

Биология

В014

География

мұғалімдерін даярлау

6B01560

География

География

Дүниежүзі тарихы

Педагогика және психология негіздері

География

6В01561

География-Тарих

География

Дүниежүзі тарихы

В050

Биологиялық және сабақтас ғылымдар

6B05110

Биология

Биология

Химия

Химия

Биология

В053

Химия

6В05320

Химия

Химия

Биология

Биология

Химия

В055

Математика және статистика

6B05410

Математика

Математика

Физика

Қаржы және несие

Математика

В057

Ақпараттық технологиялар

6B06110

Информатика

Математика

Информатика

Математика

Алгоритмдеу негіздері және бағдарламалау

6В06111

Компьютерлік ғылымдар және программалық

Математика

 

Информатика


 

 

 

 

инженерия

 

 

 

 

 

 


4. Жоғары мектеп кафедралары

Қазіргі таңда Жоғары мектеп құрамында 6 кафедра жұмыс жасайды және 15 мамандық бойынша бакалавр, 10 мамандық бойынша магистратура, 4 мамандық бойынша PhD докторантура мамандарын даярлайды. Келешекте орта мектептер мен зияткерлік мектептерде көптілде білім беретін заманауи педагогтарды даярлау мақсатында Жоғары мектептің 5В010900-Математика, 5В011000-Физика, 5В011100-Информатика, 5В011200-Химия, 5В011300-Биология мамандықтарында ағылшын арнайы топтары ашылған.

Кафедралар

Бакалавриат

Магистратура

PhD докторантура

1

Математика

5В010900-Математика

6M010900-Математика

6D010900-Математика

5В060100-Математика

6M060100-Математика

6D060100-Математика

2

Физика

5В011000-Физика

6M011000-Физика

 

5В060400-Физика

6M060400-Физика

 

5В012600-Математика-Физика

   

5В012800-Физика-Информатика

   

3

Информатика

5В011100-Информатика

6M011100-Информатика

6D011100-Информатика

5В060200-Информатика

6M060200-Информатика

 

5В012700-Математика-Информатика

   

4

Химия

5В011200-Химия

6M011200-Химия

 

5В060600-Химия

6М060600-Химия

 

5В012500-Химия-Биология

   

5

Биология

5В011300-Биология

 

 

5В060700-Биология

6M060700-Биология

 

6

Кәсіптік оқыту

5В012000-Кәсіптік оқыту

6M012000-Кәсіптік оқыту

6D012000-Кәсіптік оқыту

 

5. Жоғары мектеп зертханалары. Жоғары мектеп университеттің №7 оқу ғимаратында орналасқан. Оқу аудиторияларының жалпы саны – 43, оның 9-ы зертханалық аудиториялар, 6-ы компьютерлік сыныптар, 7-і шеберханалар, 1-і студенттердің шығармашылық жұмыстарының көрмесі, 3-і әдістемелік кабинеттер.

    
    
    
        6. Жоғары мектеп  жатақханасы. Университетте студенттердің тұрмыстық жағдайларына ерекше көңіл бөлінген. Өміріздің бал шағы – студенттік өмір болса, студенттік өмірдің қызығы – жатақхана.  Өз замандастарының арасында, алға қойған арманына құлшынып қол созған сәттердің барлығы, студенттік жатақханадан басталады. Арманы бір, мақсаты бір, ізгі достарыңмен бір үйдің баласындай, қуанышты да, қайғыны да бір адамдай бөлісетін қимас достықтың куәсі – осы жатақхана. 558  орынға арналған  бесінші жатақханада әр бөлме 2 адамға арналған. Әр бөлменің жеке жуынатын орындары қарастырылған. Мұнда тұрмысқа, оқуға және демалуға қажеттінің барлығы бар. Әр қабаттың жекелеген оқу залдары мен компьютер класы, тамақ жасайтын асханасы жабдықталған. Бірінші қабатта кір жуатын бөлме, тренажер залы және студенттерге арналған асхана бар. №5 жатақхананың мекен-жайы: М.Х.Дулати көшесі 198 "А".
  
  
  
         7. Студенттер өмірінен ақпарат. Жоғары мектеп студенттерінің сабақтан бос уақытында ғылыммен, спортпен айналысуға және өнерлерін шыңдауға барлық мүмкіндіктер жасалған. Ғылыммен және шығармашылық жұмыстармен айналысатын студенттер үшін, факультет кафедраларында 11 студенттік үйірмелер жұмыс істейді. Олар: «Жас математик», «Квант», «Химик», «Конструктор-модельер», «Моншақ тас», «Ғажайып кесте», «Іскер», «Шебер қолдар», «Темірші», «Бағдарламашылар», «Жас информатик».  
        Өз өнерлерін шыңдауға ниетті студенттер университеттің қоғамдық кәсіптер факультетінде ұйымдастырылған би, КТК, аспапта орындаушылық, ән салу және т.с.с. үйірмелерге қатыса алады. Сонымен қатар, спорттың көптеген түрлерінен үйірмелер бар.

Талапкерлерге

Біздің Жоғары мектеп келесі мамандықтар бойынша мамандар дайындап шығарады: 

Мамандығы: В009-Математика мұғалімдерін даярлау

Оқу мерзiмi: 4 жыл

Бейіндік пәндері: математика, физика

Қызмет ету саласы:

- орта мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер;

-  мамандандырылған және зияткерлік мектептер;

- білім беру жүйесіндегі басқару құрылымдары.

Мамандығы: В055-Математика және статистика

Оқу мерзiмi: 4 жыл

Бейіндік пәндері: математика, физика

Қызмет ету саласы:

- ғылыми институттарда, университеттерде және математиканы терең жетілдіру мекемелерінде ғылыми қызметкер, оқытушы, мұғалім;

- өндірістік кәсіпорындарда, банктерде, қаржылық мекемелерде;

- орта мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер.

 

Мамандығы: В010-Физика мұғалімдерін даярлау

Оқу мерзiмi: 4 жыл

Бейіндік пәндері: математика, физика

Қызмет ету саласы:

- орта мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер;

- мамандандырылған және зияткерлік мектептер;

- білім беру жүйесіндегі басқару құрылымдары.

Мамандығы: В054-Физика

Оқу мерзімі: 4 жыл

Бейіндік пәндері: математика, физика

Қызмет ету саласы:

- эксперименттік, теориялық және қолданбалы физика саласы;

- ғылыми-зерттеу институттары, лабораториялар, конструкторлық және жобалау бюролары мен фирмалар;

- орта мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер;

- өндірістік ұйымдар мен кәсіпорындар.

 

Мамандығы: В011-Информатика мұғалімдерін даярлау

Оқу мерзiмi: 4 жыл

Бейіндік пәндері: математика, физика

Қызмет ету саласы:

   - орта мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер;

- мамандандырылған және зияткерлік мектептер;

- білім беру жүйесіндегі басқару құрылымдары.

Мамандығы: В057-Ақпараттық технологиялар

Оқу мерзiмi: 4 жыл

Бейіндік пәндері: математика, физика

Қызмет ету саласы:

- информатика және қолданбалы математика, ақпараттық технологиялар, Internet-технологиялар, аймақтық және дүниежүзілік ақпарат-тық жүйелер саласы;

- орта мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер;

- ғылыми-зерттеу институттары, лабораториялар, конструкторлық және жобалау бюролары мен фирмалар.

 

Мамандығы: В012-Химия мұғалімдерін даярлау                

Оқу мерзiмi: 4 жыл

Бейіндік пәндері: биология, химия

Қызмет ету саласы:

  •  орта мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер;

- биохимиялық, гигиена-санитарлық лабораториялар;

- химия өнеркәсiбi мен зауыттары;

- білім беру жүйесіндегі басқару құрылымдары.

Мамандығы: В013-Биология мұғалімдерін даярлау                

Оқу мерзiмi: 4 жыл

Бейіндік пәндері: биология, химия

Қызмет ету саласы:

- білім беру мекемелерінде (мектеп, гимназия, лицей, колледж және т.б.) биология пәнінің мұғалімі;

- ғылыми-зерттеу, кәсіптік бағытындағы пәндер бойынша әртүрлі мекемелерде ғылыми зерттеу жұмыстарын орындау (ботаника, зоология, анатомия, физиология, биохимия, генетика, биотехнология және т.б.);

- биологиялық бағыттағы өнеркәсіпте технологиялық ұйымдастыру іс-әрекеттері (санитарлық эпидемиялық станцияларда, өсімдік пен жануарлар өнімдерін өңдеу өнеркәсінде және т.с.с).

Мамандығы: В050-Биологиялық және салалас ғылымдар                

Оқу мерзiмi: 4 жыл

Бейіндік пәндері: биология, химия

Қызмет ету саласы:

- жоғары оқу орындарының және ғылыми-зерттеу институттарының, санитарлық эпидемиологиялық станциялардың маманы, инженер, лаборант;

- орта мектептердегі, гимназиялардағы, колледждердегі биология пәнінің мұғалімі;

- ұлттық парктердің, қорықтардың, зоопарктердің, ботаникалық бақтардың, жас натуралистер станцияларының селекциялық, обаға қарсы станциялардың, табиғат музейлерінің маманы;

- әкімшілік жанындағы және басқада экологиялық мекемелердің маманы.

 

Мамандығы: В007-Көркем еңбек мұғалімдерін даярлау

Оқу мерзiмi: 4 жыл

Бейіндік пәндері: Шығармашылық емтихан

Мамандандыру:

  1.  Көркем еңбек
  2.  Кәсіптік оқыту

 

Қызмет ету саласы:

- «Көркем еңбек» пәнінен орта мектептерде және лицейлерде мұғалім;

- колледждерде арнайы технологиялар пәнінің оқытушысы және өндірістік оқу шебері;

 

                           

 

 

Күнтізбе

Қараша 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.