Әріптестерімізге ақ жол!

       Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссия отырысының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы шешімінің  қорытындысы бойынша ғылыми тағылымдамаға үміркерлеріміз Информатика кафедрасының мамандары - п.ғ.к., доцент Жайдақбаева Л.Қ. мен т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Кемельбекова Ж.С. «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері атанды. Мамандарымыз Ұлыбритания еліндегі Орталық Ланкашир университетінде 2024 жылдың 1 наурызынан 30 мамырға дейінгі аралықта  ғылыми тағылымдамадан өтеді. Кафедраның ардагер-ұстаздарымыз профессор Е.А.Нысанов және барлық профессор-оқытушылар құрамы  «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне игі-тілектерін айтып,  ыстық лебіздерін білдіріп, қазақ елінің салт-дәстүрін дәріптейтін кәде-сыйларын беріп шығарып салды.

 

Жайдақбаева Ляззат Қуандықовна
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент


Кемельбекова Жанар Сатыбалдиевна
техника ғылымдарының кандидаты,
қауымдастырылған профессор
 

 

 


 

«ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ КЕПІЛІ»

ҒЫЛЫМДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

 

    11 ақпан – ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні. Бүгін М.Әуезов атындағы ОҚУ-да кәсіби мереке аясында «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастырумен «Гендерлік теңдік – ел өркендеуінің кепілі» атты республикалық форум өтті. Форумға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Б.Нарымбетов, Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева қатысып, ғылым саласында еңбек етіп жүрген қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады.

    Форумға еліміздің қоғамдық өміріне белсенді атсалысып жүрген және жетістіктерге қолжеткізген ғалымдар қатысты. Мәліметтерге сүйенсек, әлемдік ғылыми қауымдастықта әйел-ғалымдардың үлес салмағы 30 пайызға жеткен. Ал біздің елімізде, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға қатысатын әйел ғалымдардың үлесі 54 пайызды құрайды, бұл 10 мыңнан астам адам. Ал олардың ғылымдағы саны жыл сайын өсіп келеді. Мәселен, 2018 жылы әйел ғылым докторлары саны 595 болса, 2023 жылы ғылым докторы атағын иемденгендер саны 714-ке көбейген.

    Форумда ғылымдағы әйелдердің бүгінгі жай-күйі мен жетістіктері айтылып, шешімін күткен мәселелерді талқыланды. Форум барысында «AMANAT» партиясы атынан ғылымдағы, қоғамдық қызметтегі ерен еңбегі үшін М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың «Химия» кафедрасының доценті, химия ғылымдарының докторы Утелбаева Ақмарал Болысбекқызы Алғыс хатпен марапатталды.


       «Химия» кафедрасының кафедра меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Ермаханов Мырзабек Нысанбекұлы ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Отандық жоғары білім беру жүйесінде өзіндік орны бар іргелі оқу ордасы  - М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің   80 жылдық мерейлі белесі үшін «АЛҒЫС ХАТЫМЕН» - мен марапатталды.


 

      Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2024 жылғы 08 ақпандағы №195 бұйрығымен «Химия» кафедрасының доценті, химия ғылымдарының докторы

Утелбаева Акмарал Болысбековнаға

10300 - Химиялық ғылымдар ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.


    22.01.2024-02.02.2024жж. аралығында «Жаратылыстану ғылымдары және педагогика» Жоғары мектебінде Auezov   university-2024 «Жаратылыстану пәндерін оқытудың заманауи тенденциялары» тақырыбында  Халықаралық Қысқы мектебі өтті. Қысқы мектептің мақсаты: Білім беру саласындағы жаңа білімді ілгерілетуде әртүрлі ғылыми мектептер мен білім беру мекемелерінің күш-жігерін біріктіру.

      Қысқы мектеп жұмысына Польша, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Малайзия, Гонконг және Қазақстан Республикасының көптеген ЖОО-ң профессор-оқытушы құрамы қатысты.

     Сонымен қатар, іс-шараның ашылу барысында «Жаратылыстану ғылымдары және педагогика» Жоғары Мектебінің деканы, п.ғ.к., доцент Мадияров Нұрлыбай Көкешұлы, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Информатика» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Жайдақбаева Л.Қ., М.Әуезов атындағы ОҚУ білім беру бағдарламалары мен лицензиялау менеджменті орталығының бастығы, х.ғ.к., доцент Г.М.Адырбекова, Түркия мемлекетінен Сакарья университетінің профессоры Әли Чорух қатысып өздерінің жүрек жарды тілектерін білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

     Қысқы мектепте: отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары, профессорлары, жетекші практикалық оқытушылар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде баяндама жасады. Бұл қысқы мектеп – мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, студенттерге кәсіби дамуына серпіліс жасауға және бакалавр дипломына кредит санын арттыруда тамаша мүмкіндік болды.

Мектеп Zoom платформасында онлайн https://us06web.zoom.us/j/5929127351?pwd=urPqfeVZHhIb40GH5BqHvZ2eYF08XG.1&omn=81963113569  режимінде өтті.

Ұйымдастырушы: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Жаратылыстану ғылымдары және педагогика» Жоғары мектебі.


Күнтізбе

Мамыр 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.