Біліктілікті арттыру
- Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы Кожабаев Сабыр Есиркепулы
- Санат (kk-kz)
- Қаралды: 375
2024 жылдың 11-16 наурыз күндері Астана қаласында Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырысы бойынша, Финляндияның НАМК және JAMK университеттері мен Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебімен бірлесіп іске асыратын «Педагогикалық білім беру моделін іске асыру және оның мазмұнын күшейту» жобасы аясында «Білім берудегі көшбасшылық» және «CLIL әдістемесін оқыту» атты екі бағдарлама бойынша ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыру жобасы жүзеге асырылуда.
Аталған курсқа М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Физика» кафедрасының меңгерушісі Турсынбаев Абай Закирович, «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасының меңгерушісі Отарбаева Гулжан Кобеевна, «Гуманитарлық мамандықтар үшін шетел тілі» кафедрасының меңгерушісі Суюбердиева Айман Абдразаковна, «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі Усенова Аккенже Мукановна, «Спорт және туризм» факультеті декан орынбасары Ахелова Акмарал Лесбековна біліктілігін арттыруда.
Бағдарлама ЖОО 200 өкілінің және білім берудегі көшбасшылықтың негізгі салаларындағы ауылдық мектептердің 50 директорының көшбасшылық құзіреттілігін дамытуға бағытталған. Курс мақсаты: педагогикалық білімді жаңғырту - инновациялық идеялар мен тәсілдерді қалыптастыру, жаңа технологияларды қолдану.