Екі университет арасындағы ынтымақтастық

    2024 жылдың 15 – 18 сәуір аралығында университетіміздің жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы жоғары мектебінің биология және география кафедрасының доценті, биология ғылымдарының кандидаты Ибрагимов Талгат Садуакасович, кафедраның аға оқытушысы Амирбеков Ерғали Усипбаевич пен химия кафедрасының меңгерушісі химия ғылымдарының кандидаты доцент Ермаханов Мырзабек Нысанбекович  Өзбекстан Республикасы Новай қаласындағы Новай Мемлекеттік педагогикалық институтынның шақыруымен іс-сапарда болып қайтты. Новай Мемлекеттік педагогикалық институт пен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті арасындағы құрылған меморандум негізінде  ғылыми зерттеу жұмыстары мен оқу әдістемелік жұмыстар барысында тәжірибе алмасып студенттер мен магистранттарға лекциялар мен практикалық жұмыстар жүргізілді.
   Институт ректоры Собиров Баходир Байбулович екі жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты арттырып, келешекте бірлесіп жұмыстар жүргізуге тілек білдірді. Табиғи пәндер факультетінің профессор оқытушыларымен бірлесе жиын өтті. Лекцияларды биология пәні бойынша биология ғылымдарының кандидаты доцент Ибрагимов Талгат Садуакасович оқыды. Химия пәні бойынша химия ғылымдарының кандидаты доцент Ермаханов М.Н оқыды. География пәні бойынша аға оқытушысы Амирбеков Ерғали Усипбаевич оқыды. Іс-сапар жоғары деңгейде өтті.
Image
Image
Image
Image
Image

Күнтізбе

Мамыр 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
29 30 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.