Информатика-4

 
Кафедра меңгерушісі
Жайдақбаева Ләззат Қуандыққызы
п.ғ.к., аға оқытушы
Мекен-жайы: Шымкент қ., 160018, Тәуке хан даңғ., 5, ОҚМУ, 7 корпус, 3 қабат, 316 ауд.
Телефоны: 41-33-15
 

►Профессор-оқытушылар құрамы 

 
 
 
 
Жалпы мәліметтер, тарихы
       Информатика” мамандығы ашылған соң сәйкес кафедра ашу қажеттілігі туындады. 1998 жылы «Қолданбалы және есептеу математикасы» кафедрасының негізінде “Информатика” кафедрасы құрылды.
       Кафедраның алғашқы меңгерушісі ф.-м.ғ.д., профессор Ө. Өмірбаев 1998 жылдан 2001 жылға дейін басшылық етті. 1.12.2001 ж. мен 01.03.2002 ж. аралығында кафедраға ф.-м.ғ.д., профессор Садыбеков М. басшылық жасады. 2009-2012 аралығында ф.-м.ғ.к., доцент Медетбекова Р.Ә. кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. 2012 жылдан бастап кафедраны 2016 жылға дейін  ф.-м.ғ.к., доцент  Оразов  Исабек,  2016 жылдан 2017 жылға дейін
ф.-м.ғ.к., доцент Ибрагимов Оспанәлі Мұсақұлұлы басқарды. Қазіргі таңда кафедраның меңгерушісі қызметін  п.ғ.к. Жайдақбаева Ләззат Қуандыққызы  атқарып келеді.   
       Компьютерлік сыныптардың жалпы саны – 3. Кафедрада 2 ғылым докторы, 9 ғылым кандидаты, 9 аға оқытушы және 6 оқытушы жұмыс істейді.
      Кафедрада 5B060200–Информатика және 5B011100–Информатика мамандықтары бойынша бакалаврлар және 6M011100–Информатика және 6М060200–Информатика бағыттары бойынша бойынша магистранттар, 6Д011100-информатика бағыты бойынша докторанттар дайындау жұмыстары жүргізіледі.
      Кафедра педагогикалық және ғылыми бағыттар бойынша 3 мемлекеттік бюджеттік тақырыпта ғылыми жұмыс жүргізеді.
      Кафедрада оқытушылардың үздіксіз білімдерін жетілдіріп отыруға көп көңіл бөлінеді. Соның айғағы ретінде төмендегі жетістіктерді айта кетуге болады: кафедра 2 оқытушы «ЖОО үздік оқытушысы» республикалық грантының иегері болды (Сембиев О.З., Оразов И.)
       Кафедра алыс және жақын шет елдердегі оқу орындарының сәйкес кафедраларымен тығыз байланыста (ҚазҰТУ, ҚазҰУ, ҚарМУ, ТарМУ, МАИ, МХТИ, ӨзМУ, ӨзҰТУ, КырғМУ, СпбПИ және т.б.)

      «Информатика» кафедрасының түлектері алған білімдері бойынша келесі кәсіптік қызмет түрлерін орындай алады:
- білім беру (педагогикаллық бағыты) – информатика пәнінің мұғалімі;
- информатика және ақпараттық технологиялар саласының маманы;
- өндірістік-технологиялық бағыты – программист;
- ұйымдастыру-басқармалық бағыты – компьютерлендіру менеджері;
- ғылыми-зерттеу саласында ғылыми қызметкер;
- Web-бағдарламалаушы, IT-технологиялардың маманы;
- басқару мекемелері, банктер, бизнес құрылымдары, мәліметтер қорын жобалаушы.

 

 

      5B011100-Информатика; 5В060200-Информатика мамандықтары бойынша оқу жоспарына сәйкес төмендегідей кәсіптік іс-тәжірибенің түрі ұйымдастырылады.  
1.Оқу іс-тәжірибесі
2.Педагогикалық іс-тәжірибе
3.Диплом алды іс-тәжірибе
     5В011100 «Информатика» мамандығы бойынша өндірістік іс-тәжірибе базалары – №50 мектеп-гимназиясы; №7 лицейі; №65 мектеп-гимназиясы; №26 мектеп-гимназиясы; №47 мектеп-гимназиясы; №38 мектеп-гимназиясы; Сайрам ауданы №4 орта мектебі, Сарағаш ауданы №106 орта мектебі, Созақ ауданы «Созақ» гимназия-мектебі.
5В060200 «Информатика» мамандығы бойнша өндірістік іс-тәжірибе базалары – мемлекеттік және жеке кәсіп орындар, банктер, компьютер орталықтары.
«Информатика»  кафедрасының мемлекеттік бюджеттік  тақырыптары:
1.  Б – 15 - 01«Математиканың, механиканың, информатиканың алгоритмдік сұрақтары және оған IT-технологиясын қолдану». Жетекшісі:  ф.-м.ғ.д., профессор  Е.А.Нысанов.
2. Б-15-10-20 - «Бейіндік оқыту жағдайында информатика пәні оқытушыларының әдістемелік дайындығын жетілдіру». Жетекшісі:  п.ғ.к., доцент Жайдақбаева Л.Қ.
Халықаралық қорлар мен ұйымдардың, министерлік пен басқа да    мемлекеттік органдардың қаржыландыруымен маңызды бағыттар   бойынша жасалған ҒЗЖ
1.«Суды тасымалдау мен фракталды құрылымдағы суғару процесстерін математематикалық модельдеу және олардың бағдарламалық пакетін құру» (жетекші - Нысанов Е.А.).
2.Соңғы 5 жылда кафедра оқытушылары импакт-факторлы журналдарда 25 ғылыми мақала жариялаған (Thomson Rentezs-12, Scopus-8, РИНЦ-5)
«Информатика»  кафедрасының шет ел профессор лекторлардың  лекция оқығандығы туралы мәліметі:
       Польшадан келген И.Лукасевич атындағы Жешувский  политехникалық университетінің  профессоры,  п.ғ.д.   Антони  Пардала  магистранттар мен бакалаврларға лекция оқыды.
       Математика Институтының директоры, Украина ҰҒА академигі, ф.-м.ғ.д.  профессор  А.М.Самойленко  магистранттар мен бакалаврларға лекция оқыды.
       Германиядан келген Вюрцбург университетінің   профессоры, ф.-м.ғ.д.  Юрген Аппель  магистранттар мен бакалаврларға лекция оқыды.
 Өткен оқу жылында біліктілікті арттыру курсынан төмендегі профессор-оқытушылар өтті:
«Информатика» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының 2016-2017 оқу жылында біліктілікті жоғарлату бойынша есебі, нәтижесі

 р/с

Аты-жөні

Ғылыми атағы лауазымы

ЖОО жұмыс өтілі

Соңғы біліктілігін жоғарылатқан курстың атауы, орны мен мерзімі

Біліктілігін жоғарылататын мамандығының шифры мен атауы

Жоспарлы түрде

   1

Ибрагимов Оспан Мусакулович

ф.-м.ғ.к., доцент

27

Әл-Фараби атын. Қазақ ұлттық университеті 

5В060200-Информатика

   2

Айашова Ақерке Пернебаевна

Аға   оқытушы

12

Декреттік демалыста

 

   3

Дилдабаева Макпал Сайлауовна

Оқытушы

9

 

 

Жоспардан тыс

   1

Алдешов Сапарғали Ергенович

П.ғ.к., аға оқытушы

17

Академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ

5В011100-Информатика

   2

Бүркіт Әуесхан Хантөреұлы

Аға оқытушы

23

Академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ

5В011100-Информатика

   3

Махатова Анар Хантөреевна

Аға оқытушы

15

Академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ

5В011100-Информатика

   4

Абдиманапова Гүлнұр Мусабековна

Аға оқытушы

12

Академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ

5В011100-Информатика

   5

Дилдабаева Макпал Сайлауовна

Оқытушы

9

Академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ

5В011100-Информатика

   6

Бегалиев Досжан Ибадиллаевич

Оқытушы

6

Академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ

5В011100-Информатика

   7

Аманбаев Рахымжан Ауелханович

Оқытушы

2

Академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ

5В011100-Информатика

 
 Шетелде ОПҚ-ның біліктілігін арттыруы туралы мәліметтер
  1.  Сәрсенова Г.М. - Ньюкасл университетінде (Ұлыбритания);
  2.  Жайдақбаева Л.Қ. - Дортмунд университетінде (Германия);
  3.  Жүсіпбекова Ж.У.  - Найл институттында (Ұлыбритания).

    Студенттердің шығармашылық жұмысы
    2017 ж. Қазақстандық патриотизмді дамыту мақсатында үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) жетік меңгерген дарынды жастар арасында өткен «ТІЛДАРЫН» облыстық байқауында Құрақбай Олжас Саматұлы I орын иеленді.

                                           

            

Кафедра мамандықтарының ҚР ЖОО-ның тәуелсіз рейтингі бойынша көрсеткіштері

Білім беру саласының қамтамасыздандыру тәуелсіз Қазақстандық агентігінің рейтингі бойынша (2017):

  1. 5В011100-Информатика білім беру бағдарламасы бойынша 2-ші орын алды.
  2. 5В060200-Информатика білім беру бағдарламасы бойынша 3-ші орын алды.
  3. 6М060200-Информатика білім беру бағдарламасы бойынша 2-ші орын алды.
  4. 6М011100-Информатика білім беру бағдарламасы бойынша 2-ші орын алды.
            
2016-2017 оқу жылының нәтижесі бойынша «М.Әуезов атындағы ОҚМУ үздік аға оқытушысы» наминациясының жеңімпазы болып табылады.
           

S T E M       Д Е Н Ь

  

 

    

Arduino бағдарламасын зерттеу және жүзеге асыру арқылы жылыжай жұмыстарын жеңілдету және өнімділігін арттыру

Мұғалім: Туранов Акжол Калдарович

 Оқушы: Садуахасов Асылбек Үсенұлы

Физика-математика бағытындағы НЗМ  Шымкент қаласы

 

  

Arduino құрылғыларын қолдану арқылы «SMART School» жобасын дайындау

Мұғалім: Жузбаев Арман Касимбекович

Оқушы: Амангелді Абайхан Ерланулы Саги Кыдырбай Сейдахмалулы

Сарыағаш ауданының №4 мамандандырылған мектеп-интернаты

Робоспорт бағытындағы робототехника

Куракбай Олжас, магистрант кафедры «Информатика», Южно-Казахстанский университет имени М.Ауэзова

STEM – табиғаттағы геометрия

Жайдақбаева Ляззат Қуандықовна, доцент кафедры «Информатика»,

Южно-Казахстанский университет имени М.Ауэзова, Казахстан

 

Онлайн-платформы и проекты по STEM-образованию

Гаухар Омашова, доцент кафедры «Физика»,

Южно-Казахстанский университет имени М.Ауэзова, Казахстан

Ұйымдастыру алқасы

   

 

 

Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.