|
Жоғары мектеп деканы Мадияров Нұрлыбай Көкешұлы п.ғ.к., доцент Мекен-жайы: А. Байтұрсынов көшесі нөмірсіз үй, 214 аудит. Телефон: 8 (7252) 41-33-39 E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. |
|
Жоғары мектеп деканының оқу және оқу ісі жөніндегі орынбасары
Ыдырысбаев Дархан Уалиханұлы Мекен-жайы: А. Байтұрсынов көшесі нөмірсіз үй, 216 аудитория
Телефон: 8 (7252) 41-33-39
Е- mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
|
|
Жоғары мектеп деканының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Сабденова Улбосын Отегеновна Мекен-жайы: А. Байтұрсынов көшесі нөмірсіз үй, 216 аудитория Телефон: 8 (7252) 41-33-39 E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
|
|
Жоғары мектеп деканының тәрбие және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Алшынбаев Орынбасар Ақпанұлы Мекен-жайы: А. Байтұрсынов көшесі нөмірсіз үй, 216 аудитория Телефон: 8 (7252) 41-33-39 E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. |
Жалпы мәліметтер
«Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы» Жоғары мектебі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің құрамындағы педагог кадрлар мен жаратылыстану-ғылымдары бағытындағы мамандарды даярлайтын алдыңғы қатарлы Жоғары мектептердің бірі.
1996 жылы Шымкент педагогикалық дене тәрбиесі институты, Шымкент педагогикалық мәдениет институты және М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының бірнеше педагогикалық мамандықтарының бірігуінің нәтижесінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті ашылды. Осы жылы жаратылыстану пәндері бойынша педагог кадрлар даярлайтын мамандықтар топтастырылып Жаратылыстану-педагогикалық факультеті құрылды.
1998 жылдың наурызында екі жоғарғы оқу орнын – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті мен Оңтүстік Қазақстан техникалық университетін қайта құру және біріктіру жолымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті құрылғаннан кейін де факультет «Жаратылыстану-педагогикалық» деп аталып, ғылыми-жаратылыстану мамандықтарымен толықтырылды.
2017-2018 оқу жылынан бастап Жаратылыстану-педагогикалық факультетінің негізінде «Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы» Жоғары мектебі құрылды.
Факультетті 1996-2000 жылдар аралығында п.ғ.к., доцент Пошаев Д.Қ. басқарды. Кейінгі жылдары п.ғ.к., доцент Камалов Ю.Н., т.ғ.к. Жармағанбетов Ф.К., п.ғ.д., доцент Әжібеков Қ.Ж., х.ғ.д., профессор Назарбекова С.П., б.ғ.к., доцент Ережепов Ә.Е., ф.-м.ғ.к., доцент Оразов И., х.ғ.д., профессор Надиров К.С. факультет деканы болып қызмет атқарды. 2011 жылдан бастап қазіргі таңда Жоғары мектепті п.ғ.к., доцент Мадияров Нұрлыбай Көкешұлы басқаруда.
Осы жылдарда Жоғары мектеп 7000-нан аса педагог кадрлар даярлап шығарды. Олардың ішінен қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен елге белгілі азаматтар шыққанын мақтанышпен айтуға болады.
Жоғары мектепте әр жылдары Қазақстанға белгілі ғалымдар Медеуов Е.Ө. – М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры, Ташимов Л.Т. – Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ президенті, Өтелбаев Б.Т. – х.ғ.д., профессор, Р.Ойнаров – ф.-м.ғ.д., профессор, Жұмабеков Л. – профессор, Өмірбаев У.У. – алгебра және логика саласындағы ірі ғалым, ф.-м.ғ.д., профессор, Садыбеков М.А. – ф.-м.ғ.д., профессор, С.А.Атанбаев – ф.-м.ғ.д., профессор, А.Тасқараев ф.-м.ғ.д., профессор және т.с.с. еңбек етті.
Профессор-оқытушылар құрамы
Жоғары мектепте ғылыми-педагогикалық қызметпен 110 профессор-оқытушылар айналысады, олардың ішінде: 11 ғылым докторлары, профессорлар, 42 ғылым кандидаттары, доценттер, 4 PhD-докторлар, 54 магистр, аға оқытушылар мен оқытушылар. Жоғары мектепте педагогика саласында мамандар дайындауда және өздерінің ғылыми-зерттеу бағыттары бойынша елімізге танымал Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, п.ғ.д., профессор Д.Рахымбек, п.ғ.д., профессор С.А.Жолдасбекова, ф.-м.ғ.д., профессор Ә.Сәрсенби, ф.-м.ғ.д., профессор Ә.Ш.Шалданбаев, ф.-м.ғ.д., доцент Е.А.Нысанов, ф.-м.ғ.д., профессор Н.Қ.Аширбаев, п.ғ.д., профессор А.Саипов, х.ғ.д., профессор А.П.Ауешов, ф.-м.ғ.д., доцент Тұрманбеков Т.А., х.ғ.д., доцент А.Б.Өтелбаева, м.ғ.д., профессор С.Қалқабаева және т.б. еңбек етуде.
Жоғары мектептің 21 профессор-оқытушылары Д.Рахымбек, С.А.Жолдасбекова, Н.Қ.Аширбаев, А.Саипов, А.П.Ауешов, Ә.Сәрсенбі, Т.Тұрмамбеков, К.А.Қабылбеков, А.А.Юнусов, Р.Б.Бекмолдаева, М.Н.Ермаханов, Ю.Н.Камалов, И.Оразов, Г.М.Адырбекова, Н.К.Мадияров, Г.Ш.Омашова, А.С.Тукибаева, Н.С.Сайдуллаева, Л.Д.Айкөзова, П.С.Дүйсебаева, К.Т.Құрбанбеков ҚР Білім және ғылым министрлігі тағайындайтын «Жоғары оқу орнының үздік оқытушылары» конкурсының жеңімпаздары.
Қазіргі таңда Жоғары мектеп құрамында 6 кафедра жұмыс жасайды және 19 мамандық бойынша бакалавр, 10 мамандық бойынша магистратура, 4 мамандық бойынша PhD докторантура мамандарын даярлайды. Келешекте орта мектептер мен зияткерлік мектептерде көптілде білім беретін заманауи педагогтарды даярлау мақсатында Жоғары мектептің 5В010900-Математика, 5В011000-Физика, 5В011100-Информатика, 5В011200-Химия, 5В011300-Биология мамандықтарында ағылшын арнайы топтары ашылған
№
|
Кафедралар
|
Бакалавриат
|
Магистратура
|
PhD докторантура
|
1
|
Математика
|
5В010900-Математика
|
6M010900-Математика
|
6D010900-Математика
|
5В060100-Математика
|
6M060100-Математика
|
6D060100-Математика
|
2
|
Физика
|
5В011000-Физика
|
6M011000-Физика
|
|
5В060400-Физика
|
6M060400-Физика
|
|
5В012600-Математика-Физика
|
|
|
5В012800-Физика-Информатика
|
|
|
3
|
Информатика
|
5В011100-Информатика
|
6M011100-Информатика
|
6D011100-Информатика
|
5В060200-Информатика
|
6M060200-Информатика
|
|
5В012700-Математика-Информатика
|
|
|
4
|
Химия
|
5В011200-Химия
|
6M011200-Химия
|
|
5В060600-Химия
|
6М060600-Химия
|
|
5В012500-Химия-Биология
|
|
|
5
|
Биология
|
5В011300-Биология
|
|
|
5В060700-Биология
|
6M060700-Биология
|
|
6
|
Кәсіптік оқыту
|
5В012000-Кәсіптік оқыту
|
6M012000-Кәсіптік оқыту
|
6D012000-Кәсіптік оқыту
|
Жоғары мектеп мамандықтарының ҚР ЖОО-ның (НАОКО) тәуелсіз рейтингі бойынша көрсеткіштері
№
|
Мамандық шифры
мен атауы
|
НАОКО
|
2018 ж.
|
2019 ж.
|
1
|
5В010900-Математика
|
3 орын
|
1 орын
|
2
|
5В011000-Физика
|
1 орын
|
2 орын
|
3
|
5В011100-Информатика
|
2 орын
|
1 орын
|
4
|
5В011200-Химия
|
1 орын
|
2 орын
|
5
|
5В011300-Биология
|
1 орын
|
4 орын
|
6
|
5В012000-Кәсіптік оқыту
|
1 орын
|
1 орын
|
7
|
5В060100-Математика
|
4 орын
|
3 орын
|
8
|
5В060200-Информатика
|
6 орын
|
4 орын
|
9
|
5В060400-Физика
|
3 орын
|
3 орын
|
10
|
5В060600-Химия
|
4 орын
|
4 орын
|
11
|
5В060700-Биология
|
3 орын
|
3 орын
|
12
|
6М060100-Математика
|
|
1 орын
|
13
|
6М011000-Физика
|
|
2 орын
|
14
|
6М011100-Информатика
|
3 орын
|
2 орын
|
15
|
6М011200-Химия
|
2 орын
|
3 орын
|
16
|
6М060100-Математика
|
3 орын
|
2 орын
|
17
|
6М060200-Информатика
|
3 орын
|
2 орын
|
18
|
6М060400-Физика
|
|
2 орын
|
19
|
6М060600-Химия
|
|
2 орын
|
20
|
6М060700-Биология
|
3 орын
|
3 орын
|
Студенттік өмір
Қазіргі күнде Жоғары мектепте 15 мамандық бойынша 1283 студент оқып білім алуда. Студенттерді ғылымға және шығармашылық жұмыстарға тарту мақсатында Жоғары мектепте 12 студенттік ғылыми үйірмелер жұмыс жасайды. Жоғары мектеп студенттері жыл сайын ҚР Жоғарғы оқу орындары арасында өткізілетін пәндік олимпиадалардан, ғылыми жобалардан жүлделі орындарға ие болады.
Болон процесінің міндетті параметрінің бірі ретінде студенттерге академиялық ұтқырлық тұрғысынан республика оқу орындары мен алыс-жақын шетел оқу орындарында білім алмасу қарастырылған.
Ғылыми-зерттеу үйірмелері, көңілді тапқырлар клубтары, студенттік көркемөнерпаздар және спорттық үйірмелері студенттердің сабақтан бос уақыттарын тиімді өткізуге септігін тигізеді.
Студенттерге әлеуметтік жағдай барынша жасалған. Ақылы негізде оқитын әлеуметтік жағдайы төмен және т.б. топтарға жататын студенттерге төлем ақысына 10%-дан 100%-ға дейінгі жеңілдіктер қарастырылған.
Соңғы үлгідегі кітапхана, электронды оқу залы, ресурсты орталық, тегін интернет, акт залы, спорт залы, дәрігерлік кабинет, асхана, соңғы үлгіде салынған 5 қабатты заманауи жатақхана, міне осылардың барлығы студенттерге алаңсыз білім алуға жағдай жасайды.
Жоғары мектеп студенттеріне білім беру үшін университетке жыл сайын алыс-жақын шетелдер жоғары оқу орындарынан білікті мамандар шақырылып тұрады.
Біздің түлектер
Біздің түлектер мынадай жұмыс орындарында қызмет етуде: орта мектептерде, лицейлер мен гимназияларда, колледждерде, мамандандырылған және зияткерлік мектептерде, білім беру жүйесіндегі басқару құрылымдарында, ғылыми-зерттеу институттарында, зертханаларда, өндірістік ұйымдар мен кәсіпорындарда, мектепаралық оқу-өндірістік комбинаттарында, конструкторлық және жобалау бюролары мен фирмаларда, биохимиялық, гигиена-санитарлық зертханаларда, химия өнеркәсiбi мен зауыттарында.