Кафедра меңгерушісі

Байдибекова Айдин Орисбаевна
«Математика» кафедрасының меңгерушісі
п.ғ.к., доцент

 Мекен-жайы: Шымкент, А.Байтұрсынов көшесі н/з үй, М.Әуезов атындағы ОҚМУ № 7 оқу ғимараты, 320 бөлме
Телефоны: 21-17-15
 
 
 
 
Қамтамасыз етілу картасы 6В05410-Математика                           Қамтамасыз етілу картасы 6В01510-Математика                   
 
 

     

     «Математика» кафедрасы  Қазақ химия- технологиялық институтының құрамында 1957 жылы құрылған. Әр жылдары кафедра меңгерушісі қызметін белгілі ғалымдар мен өнегелі ұстаздар атқарды: Кузнецов М.С.(1957-1960 жж.), Цай И.П. (1960-1963 жж.), Камардинов О.К. (1963-1970 жж.), Жұмабеков Л.Ж. (1970-1975 жж.), Байтелиев Т.Б. (1975-1986 жж.), Жұмабеков Л.Ж. (1986-1996 жж.), Ойнаров Р. (1996-2000 жж.),  Рахымбек Д. (2000-2003 жж.).

      2003 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кафедра меңгерушісі лауазымын физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Аширбаев Нұрғали Құдиярұлы атқарып келеді.
Әр жылдары кафедрада Жұмабеков Л.Ж., Байтелиев Т.Б.,Көпеш Б., Ойнаров Р. , Рахымбек Д., Тасқараев Ә., Датқаев Ә.М., Шалданбаев Ә., Юнусов А. А. және тағы басқа да танымал ғалым-әдіскерлер жұмыс істеді. Олардың еңбектері осы күнге дейін, атап айтсақ Б.Көпештің «Жоғары математика курсының негіздері(2005ж.)», «Жоғары математика курсының есептер жинағы (2004ж.)», Д.Рахымбектің «Оқушылардың логика-методологиялық білімдерін жетілдіру(1998ж.)», «Математиканы оқыту әдістемесі (2006ж.)», А.Тасқараевтың  «Дифференциалдық геометрия және топология(2011ж.)», «Обобщенные решения задачи Дирихле для уравнения Монжа-Ампера(2010ж.)», А Юнусовтың «Элементы теории функции  комплексного переменного (2009ж.)», «Конспект лекции по математическому анализу(2011ж.)», Ә. Шалданбаевтың «Шекаралық есептерді шешудің операторлық әдістері (2018ж.)», «Штурм-Лиувилдің операторы(2018ж.)» атты оқу құралдары  республиканың мектеп пен жоғары оқу орындарындағы оқу үдерісінде пайдаланылуда.

      Кафедрада 3 ғылым докторы, 6 ғылым кандидаты, 1  РһD,  3 аға оқытушы, 3 магистр-оқытушылар жұмыс істейді.  Кафедра 6В01510 - «Математика», 6В05410 - «Математика және статистика» бакалавриат білім беру бағдарламалары, 7М01510 - «Математика», 7М05410 - «Математика және статистика» магистратура білім беру бағдарламалары, сондай - ақ, 8D01510 - «Математика», 8D05410 - «Математика және статистика» докторантура білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды дайындауды жүзеге асырады.
     Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының 2019 жылғы 24 наурыздағы №42-ЖООК бұйрығына сәйкес М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанынан 6D010900(8D01510) – Математика мамандығы бойынша диссертациялық кеңес ашылды. Осы диссертациялық Кеңесте 6D010900(8D01510) – Математика білім беру бағдарламасын бітірген докторанттар  Абдуалиева М. А.(2019ж.),Төребек Е.Ж. (2020ж.), Тотикова Г.А. (2021ж.) сәтті қорғап, философия докторы (PhD)  дәрежесін алды. Кафедра түлегі  Сәрсенбі Ә. Ә. 6D060100  – «Математика» мамандығы бойынша докторантураны бітіріп, қорғап,  2019 жылы философия докторы (PhD)  дәрежесін алды.

    Кафедрада бакалаврлар, магистранттар және докторанттардың педагогикалық, өндірістік  іс-тәжірибелерін кафедраның тәжірибелі педагогтары мен әдіскерлері өткізеді. Кафедра жұмысының негізгі бағыты: болашақ педагогикалық кадрларды теориялық, ғылыми-әдістемелік даярлау; білім беру саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.Кафедра оқытушылары жоспар бойынша  республиканың және шетелдің жоғары оқу орындарында  біліктілік арттыру курстарынан және ғылыми тағылымдамадан өтеді, сондай-ақ орта және жоғары білім беру жүйесінің мәселелері бойынша семинарлар мен конференцияларға қатысады. Кафедрада оқитын магистранттар мен  докторанттар жақын және алыс шет елдердің жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтеді.

      Кафедраның бірінші түлектері 2001 жылы 030140-«Математика және информатика» мамандығы бойынша бітіріп шықты. Осы 65 жылдан астам тарихы бар кафедра базасында білім беру жүйесі мен қоғам талабына сай бірнеше мыңдаған маман кадрлар дайындалды.

      Кафедра ұжымының оқытушы-профессорлар құрамы оқу құралдарын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді баспадан шығару жоспарына сай дайындап, баспадан шығарып, университет кітапханасының қорын жыл сайын толықтырып келеді. Кафедра оқытушылары дайындайтын  мамандықтар бойынша оқу-тәрбие үдерісінің әдістемелік қамтамасыздандыру деңгейі мамандар даярлау сапасын жоғарылатудың қазіргі таңдағы талаптарына сай. Кафедра интернет жүйесіне қосылған компьютерлік сыныптармен, интерактивті тақталармен жабдықталған.

      Кафедрада  «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері  ф.-м.ғ.д, профессор Аширбаев Н.Қ.(2010, 2021жж), ф.-м.ғ.д, профессор Сәрсенбі Ә. М. (2010, 2021жж),  п.ғ.к. доцент Бекмолдаева Р.Б.(2013ж), п.ғ.к.,  доцент Мадияров Н.К.(2016ж), аға оқытушы Дүйсебаева П.С. (2017ж)   қызмет етеді.

     Бітірушілер халыққа білім беру саласындағы орта,  кәсіптік, жоғары оқу орындарында, ғылыми зерттеу орталықтарында, мемлекеттік басқару органдарында қызмет атқара алады. Біздің түлектер педагогикалық қызметпен ғана шектеліп отырған жоқ, ғылымда, өндірісте үлкен табысты шығармашылық қызметтер атқаруда.

    Жалпы, кафедра бәсекеге қабілетті мамандар - жаңа ұрпақтың болашақ математика мұғалімдерін даярлауда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған жеткілікті ғылыми әлеуеті бар ұйымшыл және белсенді жұмыс істейтін ұжым болып табылады.

 

  

           Ғылыми жұмыс

     Кафедрада ҒЗЖ  2021-2025 жж. бекітілген  Мемлекеттік  бюджеттік  тақырыптар бойынша жүргізіледі:

21- 09- 01- Распространение нестационарных волн напряжений в телах с неоднородностями. Ғылыми жетекшісі: ф.-м.ғ.д., профессор Аширбаев Н.Қ.

21 -10 – 01- Болашақ математика мұғалімдерінің теориялық-әдістемелік даярлығын жетілдіру. Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., доцент Мадияров Н.К.

      Ф.м.ғ.д., профессор Сәрсенбі Ә. жетекшілігімен 2018-2020 жылдарға арналған  «Базисные свойства собственных векторов одномерных дифференциальных операторов с инволюцией» атты тақырыбы бойынша  Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми жоба жұмыстары орындалды.

       Ф.м.ғ.д., профессор Сәрсенбі Ә. жетекшілігімен 2020-2022 жылдарға арналған  AP08855792 «Функция Грина и спектральные характеристики краевых задач для дифференциальных уравнений второго порядка с инволюцией» атты тақырыбы бойынша  Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми жоба жұмыстары орындалды.

       Ф.-м.ғ.д., профессор Калимбетов Б.Т.  жетекшілігімен 2018-2020 жылдарға арналған АР05133858 «Контрастные структуры в сингулярно возмущенных уравнениях и их применение в теории фазовых переходов» атты тақырыбы бойынша  Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми жоба жұмыстары орындалды.

      Бұл бағыттар мен ғылыми жобалар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері импакт-факторлы алыс, жақын шетелдердегі ғылыми журналдарда, ҚР БжҒМ  БмҒ қадағалау комитетінің тізіміндегі Республикалық рейтінгілік басылымдарда, әртүрлі деңгейдегі халықаралық, республикалық, аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциялар еңбектерінде жариялануда.

     Кафедрада студенттердің, магистранттардың және  докторанттардың Ғ3Ж-мен айналасуына және әртүрлі деңгейдегі конференцияларға, пәндік олимпиадаларға, конкурстарға қатысуына көп көңіл бөлінеді.

     Кафедра  докторанттары Кұдайбергенова Ж.У.,Сапарбаева Э.М. Ресей Федерациясының  «Тольятти мемлекеттік университетінде» 2022 жылдың 27-29 сәуірінде  ұйымдастырылған «Менің кандидаттық диссертациям» атты ғылыми зерттеу жұмыстарының конкурсына қатысып, жүлделі 3- ші орынды иеленді.

      МЕП-18-9НК  тобының магистранты   Мажитов Б.Ж.  2019 жылы ҚР ЖОО жас ғалымдары  арасында Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде өткен «Жас ғалым-2019»  Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда  жүлделі  2-орынды  жеңіп алды.

      2019  жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде өткен ҚР ЖОО  5В010900-математика мамандығы студенттерінің  Республикалық  математикалық  олимпиадасында  математика мамандығының студенттері жүлделі 2-орынды жеңіп  алды.


Кафедра меңгерушісі

Ермаханов Мырзабек Нысанбекұлы

техника ғылымдарының кандидаты, доцент

Мекен-жайы: Шымкент қ., 160012, Байтұрсынов к-сі, н/з, М. Әуезов атындағы ОҚМУ 225 каб.
Телефон: 21-34-22
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 ►Профессор-оқытушылар құрамы 

 Жалпы мәліметтер

    ССРО-дағы ХКК –нің 19.06.1943 ж.берілген №619 жарлығы бойынша Шымкент қаласында құрылған Құрылыс материалының технологиялық институтының бірінші күннен бастап студенттерге химия пәнінен жалпы білім берумен шұғылданған жалпы және бейорганикалық химия кафедрасы. Бұл кафедра бейорганикалық, органикалық, аналитикалық және физикалық химиялар мамандықтарынан құрастырылған. Уақыт өткен сайын,  студенттер саны көбеюмен және мамандықтар ашылумен байланысты, осы кафедра негізінде жаңа химия кафедралары ұйымдастырылды: «Жалпы және бейорганикалық химия», «Аналитикалық химия», «Органикалық химия», «Физикалық және коллоидтық химия».

«Жалпы және бейорганикалық химия» кафедрасын басқарған ғалымдар:
1958-1968жж. - х.ғ.к., доцент А.К.Касымов
1969-1974жж. - х.ғ.к., доцент В.Ф.Мясникова
1975-1980жж.- б.ғ.к., доцент Р.И.Ерғазиев
1980-1989жж. - х.ғ.к., доцент У.С.Стамкулов
1989-1994жж. - х.ғ.к., доцент А.А.Старченко
1994-1999жж. - х.ғ.д., профессор С.П.Назарбекова

     1997 жылы бұл кафедралар бірігіп «Химия» кафедрасын құрады. Ол 2006 жылдың тамыз айында (Бұйрық №274, 17.08.06) университеттегі реорганизация нәтижесінде Жаратылыстану-педагогикалық факультет құрамында «Химияны оқыту әдістемесі мен теориясы» кафедрасы болып ашылды.

        Әр жылдары кафедра меңгерушісі қызметін белгілі ғалымдар мен өнегелі ұстаздар атқарды:

   2004-2008жж. Аралығында кафедра меңгеруші қызметін т.ғ.д., профессор  К.К.Сырманова, 2008-2010жж. аралығында т.ғ.к.,доцент м.а. Қ.М.Бекжанова атқарды.

2011 жылдан бастап кафедраны т.ғ.к., доцент Ермаханов М.Н.  басқаруда.

      Қазіргі кезде «Химия» кафедрасында 1 ғылым докторы, профессор, 8 ғылым кандидаты, доценттер, 3 аға оқытушы, 5 магистр-оқытушылар дәріс беруде.

       2018 жылы 6В01541- «Химия және Биология» мамандығы ашылды.

      Кафедра 2  білім беру бағдарламасы  бойынша 3 саты деңгейінде мамандар дайындайды:

      - 6В01540 - «Химия» мамандығы бойынша білім бакалавры,

      -  6В01541 - «Химия және Биология» мамандығы бойынша білім бакалавры,

      - 7М01541-«Химия» мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар магистрі,

     

      Білім алушылар күндізгі, кешкі және қашықтықтан білім беру  бөлімдерде оқиды, олардың көбі білім грант иегерлері. Магистранттар ғылыми тағылымдаманы  Қазақстанда, Ресейде, Өзбекстан және Қырғызстан елдеріндегі жоғары оқу орындарында өтеді.

      Кафедраның бірінші түлектері 2009 жылы 5В011200-«Химия» мамандығы бойынша бітіріп шықты. Осы 70 жылдан астам тарихы бар кафедра базасында білім беру жүйесі мен қоғам талабына сай бірнеше мыңдаған маман кадрлар дайындалды.

      Кафедра ұжымының оқытушы-профессорлар құрамы оқу құралдарын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді баспадан шығару жоспарына сай дайындап, баспадан шығарып, университет кітапханасының қорын жыл сайын толықтырып келеді. Кафедра дайындайтын  мамандықтар бойынша оқу-тәрбие үдерісінің әдістемелік қамтамасыздандыру деңгейі мамандар даярлау сапасын жоғарылатудың қазіргі таңдағы талаптарына сай. Кафедра интернет жүйесіне қосылған компьютерлік сыныптармен, интерактивті тақталармен жабдықталған.

      Кафедрада  «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері  т.ғ.к., доцент Ермаханов М.Н. (2015ж.), х.ғ.к., доцент  Адырбекова Г.М. (2016ж)  қызмет етеді.

     Бітірушілер халыққа білім беру саласындағы орта,  кәсіптік, жоғары оқу орындарында, ғылыми зерттеу орталықтарында, мемлекеттік басқару органдарында қызмет атқара алады. Біздің түлектер педагогикалық қызметпен ғана шектеліп отырған жоқ, ғылымда, өндірісте үлкен табысты шығармашылық қызметтер атқаруда.

       Міндеті

       Біздің басты мақсатымыз – оқушылар тұлғасының даму, қалыптасу мәселелерін шығармашылық жағынан шешуге, ғылыми-зерттеу қызметімен интеграцияланған оқу жүйесіне инновациялық білім беру принциптерін енгізуге қабілетті жаңа формациялы кәсіби-құзырлы педагогтар дайындау (химия бакалавры, химия-биология бакалавры, химия магистрі). Бiз болашақ мамандарға әлемдік бiлiм беретiн кеңiстiкке қазақстандық білім беру жүйесiн кiрiктіру негізінде адамгершілік және жалпы мәдени қасиеттерді қалыптастырамыз.


Күнтізбе

Желтоқсан 2024
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.