Биология-География

    

Кафедра меңгерушісі
Исаев Ержан Болысбекович

Биология  ғылымдарының кандидаты, доцент
Мекен-жайы: Шымкент қ.: 160013, А. Байтұрсынов көш.
Телефоны: 8-7252-30-09-28  
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
 

 

Жалпы мәлімет

 

Кафедра тарихы


     «БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ» КАФЕДРАСЫ
 
     Кафедра 1991 жылы Шымкент педагогикалық дене тәрбиесі институтында «Биология» факультетінің құрамында ашылып, кафедра меңгерушісі болып биология ғылымдарының кандидаты, доцент М.Сұлтанов тағайындалды, 1994-1996 жылдары профессор А.Ахметниязов қызмет атқарды.
     1996 жылы ЖОО-ның қайта ұйымдастырылып Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінің құрылуына байланысты, кафедра «Биология және география» кафедрасы болып қайта құрылып, оны б.ғ.к., доцент А.Исмайлов басқарды.
1998 жылдың наурыз айынан бастап ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес ОҚО екі ірі университеті: Техникалық университет және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті бірігіп, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті құрылып «Биологияны оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы, Жаратылыстану-педагогикалық факультетінің құрылымына еніп, оны 1998-2011 ж.ж. б.ғ.к., доцент Е.Б.Исаев, 2012ж., п.ғ.к. Г.Қ.Тұрабаева, 2012-2017ж.ж. доцент Г.Б.Қылышбаева басқарды.
2017жылдан кафедраны б.ғ.к., доцент Е.Б.Исаев басшылыққа алды.2018 жылы кафедра атауы «Биология» кафедрасы болып өзгерді.
2020 жылы кафедрағагеография мамандығы қосылып, кафедраның атауы «Биология және география» кафедрасы болып қайта өзгерді.
    Қазіргі кезеңде кафедра екі мамандық бойынша мамандар дайындайды: 5В060700-Биология, 6В05220-География ғылыми және 5В011300-Биология, 6В01560-География педагогикалық мамандықтары бойынша күндізгі, кешкі және қашықтан оқыту түрлері бойынша бакалаврлар, магистратура бойынша 6М060700-Биология, 7М05220-География ғылыми және 7М01560-География педагогикалық магистрлер дайындайды. Дайындық бағыттарында Өзбекстан, Түркіменстаннан келген шетел студенттері білім алуда.
Мамандар дайындауда жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы еңбек етуде, соның ішінде 1 профессор,1 ғылым докторы, 2 ph докторы, 13 ғылым кандидаттары мен доценттер және 12 магистрбар.
    Кафедра ұжымы ҚР БҒМ «Ботаника және фитоинтродукция» ғылыми-зерттеу институты, табиғат қорғау ұйымдары, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи бағы, Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі,Шымкент қаласының Дендро және хайуанаттар бақтары, ОҚО мен Шымкент қаласының білім департаменттері, алыс және жақын шет елдердің жоғары оқу орындары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Рессейдің М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, К.А.Тимирязев атындағы РАША, Волгоград мемлекеттік педагогикалық университеті, Өзбекстан және Қырғызстан Республикасының ЖОО және ғылыми-зерттеу институттарымен келісім-шарттар жасалынып тығыз байланыста жұмыс жүргізуде.
Кафедра ұжымының оқытушы-профессорлар құрамы оқу құралдарын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді баспадан шығару жоспарына сай дайындап, баспадан шығарып, университет кітапханасының қорын жыл сайын толықтырып келеді. Кафедра интернет жүйесіне қосылған компьютерлік сыныптармен, интерактивті тақталармен жабдықталған.
        Бітірушілер халыққа білім беру саласындағы орта, кәсіптік, жоғары оқу орындарында, ғылыми зерттеу орталықтарында, мемлекеттік басқару және қоршаған ортаны қорғау мекемелерінде қызмет атқаруда.
      Білім берудің сапасын қамтамасыздандырудың Тәуелсіз Қазақстандық  агенттігінің (НКАОКО) зерттеу нәтижесі бойынша, кафедра мамандықтары  2017-2018 жылдары 2,2018-19ж 1-3 орынды иеленіп келеді.

Білім берудің сапасын қамтамасыздандырудың Тәуелсіз Қазақстандық  агенттігінің эксперттері «Биология» кафедрасының базасында

       

     «Биология және география» кафедрасы күндізгі, кешкі және қашықтықтан оқыту түрі бойынша келесі мамандықтар бойынша бакалавр мамандықтарын дайындайды:
 
5В060700 – Биология
Біліктілігі – жаратылыстану бакалавры, оқу мерзімі 4 жыл.
Кәсіби қызметтінің объектілері:
Ғылыми-зерттеу институттары, орта мектептер, лицейлер, гимназиялар, жас натуралистер станциялары, колледждер, ұлттық парктер, қорықтар және ҚР зандарына сәйкес жоғары қәсіби білімділікті қажет ететін басқада салалар, экологиялық ұйымдар, биотехнология салалары, мемлекеттік басқарушы мекемелер және әкімші-ліктер.
Кәсіби қызмет түрлері:
–ғылыми-зерттеу, кәсіптік бағытындағы пәндер бойынша әр түрлі мекемелерде ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындай алу;
–жобалау: жоба жасау мен конструкторлық орындарда жалпы және арнайы жобалар құрастыру (көгалдандыру, суландыру, кайта қалпына келтіру, жоспарлау, мысалы агробиостанцияларды, жас натуралистер станцияларын);
–өнеркәсіптік-басқару іс-әрекеттері әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік құрылымдарда (білім беру бөлімдері, әкімшіліктер, биологиялық бағыттағы зертханалар);
–биологиялықбағыттағы өнеркәсіпте технологиялық ұйымдастыру.
Бітірушілер қайда жұмыс істей алады:
–ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері;
–жоғарғы оқу орындарында маман және лаборант, инженер, ғылыми-зерттеу институттарында лаборант, санитарлық-эпидемиологиялық станция қызметкерлері;
–ұлттық саябақ, қорық, зообақ, ботаникалық бақ, жас натуралисттер станция, іріктемелік және обаға қарсы станция, табиғи мұражай қызметкерлері;
–ғылыми-өндірістік, жобалық және геоботаникалық ұйымдардың мамандары;
–санитарлы-эпидемиологиялық станцияларда (лаборант)
–экологиялық қызмет пен ұйымдардың қызметкелері;
–мемлекеттік басқару ұйымдарында, әкімшілік және басқа да мекеме мамандары.
 
7М05220-География
Біліктілігі – жаратылыстану бакалавры, оқу мерзімі 4 жыл.
Кәсіби қызметтінің объектілері:
Ғылыми-зерттеу институттары, орта мектептер, лицейлер, гимназиялар, жас натуралистер станциялары, колледждер, ұлттық парктер, қорықтар және ҚР зандарына сәйкес жоғары қәсіби білімділікті қажет ететін басқада салалар, экологиялық ұйымдар, мемлекеттік басқарушы мекемелер және әкімші-ліктер.
Бітірушілер қайда жұмыс істей алады:
–жобалық, ғылыми-зерттеу институттарының, бюро қызметкерлері;
–қоршаған ортаны қорғау инженерлері мен лаборанттары;
–туристтік фирмаларда экскурсия жетекшісі;
–табиғатты қорғу органдарында және қоршаған ортаны қорғу Министрлігінің табиғатты пайдалану басқармаларының қызметкерлері;
–геолого-географиялық, экономикалық-географиялық өндірістік ұйым экспедицияларының мүшесі;
–аймақтық бақылау және басқару бойынша мамандар.
 
5В011300 – Биология
Біліктілігі: биология бакалавры, оқу мерзімі 4жыл
Кәсіби қызмет түрлері:
–білім беру (педагогикалық) әр түрлі білдім беру мекемелерінде (мектеп,лицей, гимназия, колледж) биология пәнінің мұғалімі.
Бітірушілер қайда жұмыс істей алады:
–мектеп, лицей, гимназия, колледждерде (биология мұғалімі);
–жоғарғы оқу орындарында (лаборант, салалы кафедраларда);
–білім бөлімдерінде (маман);
–ғылыми зерттеу институты және лабараторияларда (маман, лаборант);
–жануар және өсімдік тектес шикізаттарды өңдейтін өндірістік лабараторияларда, экологиялық салалардағы ұйымдар (маман, лаборант);
–биологиялық орталықтарда, агробиостанцияларда (әдіскер, үйірме жұмысын басқарушы);
–көгалдандыру бойынша жобалық ұйымдарда (маман).
 
6В01560–География
Біліктілігі: биология бакалавры, оқу мерзімі 4жыл
Кәсіби қызмет түрлері:
–білім беру (педагогикалық) әр түрлі білдім беру мекемелерінде (мектеп,лицей, гимназия, колледж) география пәнінің мұғалімі.
Бітірушілер қайда жұмыс істей алады:
–білім беру мекемелерінде география пәнінің оқытушысы;
–экологиялық және табиғатты қорғау ұйымдарының қызметкерлері;
–қорықшалар мен ұлттық саябақ кызметкерлері;
–гидрометеостанция мен туристтік фирма қызметкерлері.
 
Магистратура бойынша 6М060700–Биология, 7М05220-География ғылыми және 7М01560-География педагогикалық мамандығымен магистрлер дайындайды.
 
        Қазіргі уақытта Елбасымыздың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа  Жолдауындағы: «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыру мақсатында 2016 жылдан бастап үш тілде мемлектетік, орыс және ағылшын тілінде оқытылып жатыр.
        Биология және география кафедрасында 2017 жылдан бері ағылшын топтары ашылып, сабақты ағылшын тілінде оқылып келеді.
«Биология және география» кафедрасының студенттерінің оқу-тәжірибе және ғылыми зерттеу нысаны есебінде «Өсімдіктерді ғылыми-зерттеу зертханасы» 2012 жылдан бері жылыжайы және тәжірбиелік алаң ашылған.

                               

                           Жылыжайдан көрініс                             Студенттер тәжірибелік алаңда

    Ғылыми-зерттеужұмыстар
 
        Биология және география кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мемлекеттік бюджет бойынша жоспарланған 3 бағыт бойынша іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде:
1. Батыс Тянь-Шань тау жүйесінің биологиялық алуантүрлілігін қорғау және тиімді пайдалану мәселелері,ғылыми жетекшісі- б.ғ.к., доцент Исаев Е.Б.
2. Биология пәндердін оқытудың теориялық және қолданбалы мәселелері, ғылыми жетекшісі - б.ғ.к., доцент Бозшатаева Г.Т.
3. Б-16-12-03 Оңтүстік Қазақстанның тарихы мен мәдениетін «Мәңгілік ел» контексті бағытында жұмыс жасау, ғылыми жетекшісі- г.ғ.д., ТасболатБ.
     Бұл бағыттар мен ғылыми жобалар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері рейтингілік импакт-факторлы алыс, жақын шетелдердегі ғылыми басылымдарда, ҚР БмҒ қадағалау комитетінің тізіміндегі Республикалық басылымдарда, әртүрлі деңгейдегі халықаралық, республикалық және аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциялар еңбектерінде жариялануда.
      Кафедра биология және география ғылымының әртүрлі салалары бойынша ғылым-зерттеу мекемелері Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Сырдарья-Түркістан мемлекеттік өлкелік табиғи паркі, Шымкент мемлекеттік Дендро және Зоосаябағы, облыстық білім департаменті, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Абай атындағы ҚазақҰПУ, ҚРБҒМ «Ботаника және фитоинтродукция» ғылыми-зерттеу институттарымен оқу-ғылыми іс-тәжірибе кешендері түзіліп, келісім-шартқа отырып студенттер мен магистранттардың оқу-ғылыми жұмыстары атқарылуда.
 
Халықаралық байланыстар
 
   Кафедра әйгілі оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу институттарымен, алдыңғы қатардағы ғалымдар және сала мамандарымен творчествалық байланыста:Ресейдің М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемелекеттік университеті, К.А.Тимирязев атындағы Рессей ауылшаруашылық академиясы, Волгоград мемлекеттік педагогикалық университеті, Өзбекстан Республикасының «Ботаника» ғылыми-зерттеу орталықтарымен студенттер,
магистрлер мен профессор-оқытушылар құрамы жұмыс жүргізуде.
«Биология» мамандығы бойынша кафедра базасында Өзбекстан, Түркіменстан елдерінен келген студенттер білім алуда.
 
Біздің жетістіктеріміз
       Кафедраның соңғы 2017-2018 оқу жылында  ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері халықаралықғылыми практикалық конференцияларда38-материалдар, 5-инфакфактор басылымдары жарық көрді және оқу процесіне 26-ендіру актісі түзілді.
Кафедрастуденттері «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығы (Астана каласы) ұйымдастырған 8 Республикалық «Ғылым шарайнасы» атты студенттердің ғылыми жұмыстар сайысына қатысып, нәтижесінде «Биология пәнінен инновациялық технология құралдарын кіріктіру» атты жұмысы үшін 2 жүлделі орынға ие болып, дипломдармен марапатталды.Ғылыми жетекшісі, профессор Калкабаева С.А.

профессор С.Қалқабаева марапатталған студенттерімен бірге

      Аль-Фарабии атындағы ҚазҰУ өткен студенттік 10-шы Республикалық пәндік олимпиадада «Биология» мамандығының студенттері жүлделі 3-орынды иеленді, ғылыми жетекшісі –б.ғ.к.,доцент Х.К.Кидирбаева.

 

 

доцент Х.Кидирбаева марапатталған студенттерімен бірге

 

 «Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында оқушылар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру негіздері»

        Биология кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы  Калкабаева Сейсенкуль Ахметовна 2020ж. 08 желтоқсанында Оқушылардың физиологиялық даму пәнінен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын қолдау мақсатында «Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында оқушылар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру негіздері» тақырыбындажаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып толық интерактивті режимде 2 курс студенттеріне ашық лекция өткізді.

Лекцияға университет, факультет, кафедра  ұстаздары, ғылыми кеңес мүшелері қатысты.

Лекция мақсаты – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына орай білім мен ғылымның даму стратегиясын, студенттерге  білім беру жүйесіндегі инновациялық процесстердің ықпалын күшейту, рухани құндылықтарды игеру, ғылым мен педагогтық технология саласындағы ең озық жетістіктерге қол жеткізу және қазіргі уақыттаға салауатты өмір салты жөніндегі өзекті мәселелерді жаңа ғаламдық өзгерістердің шартында талқылау.


Күнтізбе

Мамыр 2023
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2023 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.